Daily Archives: 25 Наурыз 2020

Жол жұмыстарына 20 миллиард теңге бөлінді

Сәрсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев баспасөз мәслихатын өткізді. Облыс тұрғындарының сауалдарына тікелей эфирден жауап берген басқарма басшысы өңірдегі жолдардың жайы, олардың салынуы мен сапасы жөнінде айтып берді. Биыл облыстың жолдарын жасауға республикалық және облыстық бюджеттен 20 миллиард теңге қаражат бөлінген. Оның 5 миллиард 200 миллион теңгесі қалаішілік жолдарға жұмсалады. Мамыр ...

Жалғасы »

Қала көшелерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр (Видео)

Ақтөбе қаласындағы әскери бөлім жауынгерлері қала көшелеріне дезинфекциялық жұмыстар жүргізуде, — деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған дезинфекциялық жұмыстар Әбілқайыр даңғылы (Абай көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін), Ә.Молдағұлова даңғылынан ағайынды Жұбановтар көшесіне дейін, сондай-ақ қаладағы Әлия, Алтай, Тұрғынқалашық базарлары мен Ш.Уәлиханов көшесі (Орталық базардан Теміржол вокзалына дейін) аумағын қамтиды.

Жалғасы »

Оқушылар телеарна арқылы сабақты қалай оқитыны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігі үйде интернеті жоқ оқушылар үшін арнайы сабақ кестесін әзірледі. Қазақ тіліндегі сабақтар “Balapan” телеарнасы арқылы, ал орыс тілінде “Ел арна” телеарнасында көрсетіледі. Мәселен, 1 сынып оқушылары “Balapan” телеарнасы арқылы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09:00 – 09:20 аралығында видео сабақ оқиды. Балалар күнделікті сабақ кестесіне сай Сауат ашу, Математика,  Жаратылыстану, Дүниетану пәндері бойынша білім алады. ...

Жалғасы »

Бетперделер мен дәрі-дәрмектер толығатын болады

Өңірлік коммуникациялық қызметі алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев пен облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде оқырмандар сауалына жауап берді. Бүгінгі күні облыста коронавирустық инфекцияға байланысты ахуал тұрақты. Инфекциялық, обсервациялық және провизорлық керуеттерде 67 тұрғын жатыр. Ал 82 тұрғын үй жағдайындағы карантинде бақылауға алынды. Өздеріңізге ...

Жалғасы »

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді тек онлайн алатын болады

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында карантин барысында еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәлімдеді. Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады. ХҚО-ның ең ...

Жалғасы »

Қазақстанда 2 пациент коронавирустан жазылып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2 емделуші коронавирустан жазылды. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі . «Брифингті жақсы жаңалықтан бастағымыз келіп отыр. Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса ауруханадан ертең шығады. Бұл – біздің коронавируспен күрестегі жеңісіміз. Басты дүние осы деп айтуға ...

Жалғасы »

Жол жабылмайды, талап күшейеді

Сәрсенбі күні өңірлік  коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев осылай деді. Тікелей көрсетілім арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап берген ол қазіргі таңдағы төтенше жағдай кезінде екі мыңнан астам құқық қорғау қызметкерлері күшейтілген режимде  жұмыс жасап жатқанын айтты. Бұл іске сонымен бірге Ақтөбе қаласындағы әскери бөлімдердің жеке құрамдары тартылған. Облыс бойынша  сырттан келетін адамдарды бақылау ...

Жалғасы »

Қосымша қаражат бөлінеді

Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов төтенше жағдай кезінде бизнесті дамыту, жұмыс орындарын сақтап қалу мәселелеріне қатысты мәлімдеме жасап, тұрғындардың сұрақтарына онлайн режимде жауап берді. Сондай-ақ өз салаларына қатысты сұрақтарға облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қайрат Райымқұлов пен “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлік палатасының облыс бойынша басшысы Анар Даржанова жауап берді. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, Президент тапсырмасы бойынша кєсіпкерлік ...

Жалғасы »