Daily Archives: 24 Наурыз 2020

Ақтөбеде тәртіп бұзғандарға қатысты 18 дерек анықталды 

Ақтөбе қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары елдегі төтенше жағдайға қатысты арнайы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Мұндағы мақсат — халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әр тұрғынның жеке бас гигиенасын сақтауы маңызды екенін түсіндіру. Бұл бағытта күн сайын тәртіп сақшылары ерікті-студенттермен бірге көңіл көтеру орталықтарын аралап, рейд өткізеді. Осы орайда волонтерлер медициналық маска, қолғап, антисептиктермен қамтылғанын айта кету керек. Ресми дерекке сәйкес, елде ...

Жалғасы »

Кітапханашылар бетперде тігіп таратты

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған «Сырғалым» эстетикалық клубы қыздарды кітап оқуға шақырумен бірге тігін тігу, ас мәзірі, сән үлгісі, тағы басқа пайдалы істерге баулып келеді. Клуб жетекшісі — кітапханашы Бибігүл Шәмеденова бұл жолы оқырманның көңілін сергіту мақсатында шыт матаны қолға алып, медициналық бетперде тігуге кірісіп кетті. Тігуге қажет құралдарды әріптестері — кітапхана ұжымы жиналып, сатып алып беріпті. ...

Жалғасы »

Медициналық масканы заңсыз саудалағандар жауапқа тартылды 

Облыстық прокуратура елде жарияланған төтенше жағдай кезінде құзырлы органдардың жұмысын күшейтті. Бұл мақсатта мобильді топтар құрылды. Айталық, соның нәтижесінде бүгінге дейін 9500 бетпердені заңсыз саудалағанның жолы кесілді. Аталған заң бұзушының барлық маскасы тәркіленіп, мемлекеттің кіріс көзіне аударылды. Іле-шала тәртіп бұзған азаматтың үстінен әкімшілік іс қозғалып, оған қылмыстық кодекстің 463-бабы бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынды. Өңірде бұл бағыттағы ...

Жалғасы »

«Глобал-спецодежданың» кезекті көмегі

Акция Еліміз бойынша коронавирус жұқтыру қаупі басым өңірлерде медицина мекемелерін, зейнет жасындағы қарттарды, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды қолдауға бағытталған қайырымдылық акциясы басталды. Іскер әйелдер кеңесі, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, «Тұрақты даму және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау» қоғамдық қоры, еліміздің жеңіл өнеркәсіпті дамыту жобасы — «ALTYN OIMAQ» ұйымдастырған шараға Ақтөбеде бірінші болып «Глобал-спецодежда» компаниясы үн қосты. Сейсенбі күні облыс орталығындағы Достық үйі ...

Жалғасы »

Дезинфекция жұмыстарына 42 млн теңге бөлінді

Сейсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров онлайн режимде төтенше жағдайдағы ахуал бойынша журналистер мен бұқараның сұрақтарына жауап берді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шаһар басшысы алдымен Ақтөбе қаласының аумағы пандемияға байланысты 23 секторға бөлініп, арнайы базаның жасақталғанын атап өтті. — Бұл тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Егер жағдай бұдан да қиын болса, біз барлық мәліметті осы секторлар арқылы жеткізетін ...

Жалғасы »