Daily Archives: 23 Наурыз 2020

Ақтөбелік кәсіпорындардың қарқыны жоғары

Кәсіпкерлер залалсыздандыруға арналған өнімдермен қамтуға дайын 23 наурыз күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы маңызды бірнеше мекемелерді аралады. Аймақ басшысы алдымен «Ақбұлақ» акционерлік қоғамының ғимаратына  барды. Аталған кәсіпорын — Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлерге жылу  және ыстық суды жеткізетін, тұрғындар мен кәсіпорындарды таза  ауызсумен қамтамасыз ететін және кәріз суын тазалау бойынша қызмет көрсететін ірі мекеме. Облыс әкімі  аталған мекеменің келесі маусымға дайындығын арттыру мақсатында бірқатар ...

Жалғасы »

Ақтөбеде жағдай тұрақты

Алаңдауға еш негіз жоқ Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың қатысуымен тікелей эфир өтті. Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты айтып берді. Әлеуметтік маңызға ие азық-түлік өнімдерінің 32 түрі бар. Соның 24-і облыста өндіріледі. Қалған 8-і (күріш, қарақұмық жармасы, сарымсақ, бұрыш, қант, ...

Жалғасы »

Ипотекалық төлемдер үш айға кейінге шегеріледі

«Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, еліміздегі төтенше жағдай кезінде тұрғындарға қолдау көрсетпек.   Холдингтің тұрғын үй блогының еншілес ұйымдары (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Бәйтерек девелопмент) төтенше жағдай кезінде мемлекеттік және жеке бағдарламалар шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырып отыр. «Мемлекет басшысының 23 ...

Жалғасы »

Тікелей эфир: АЕК тағайындаудағы өзгеріс. Ата-ана айыппұл төлей ме?

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова мен облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева онлайн режимінде өткен тікелей эфирге қатысты. Тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек туралы көп сауал қойды. Сондай-ақ балабақшалардағы төлем мен 4-оқу тоқсанында сабақтың қалай өткізілетіні туралы сұрағандар көп болды. Қазір аудандардың барлығында азық-түлік жиынтығы жоспарға сәйкес таратылып болды. Ал Ақтөбе ...

Жалғасы »

Жалған ақпарат және қатаң жаза

Ақтөбеде жалған терроризм жасады деген күдікпен 25 жастағы ақтөбелік азамат ұсталды. 23 наурыз күні сағат 08.35-те Алматы қаласының полиция департаментінің «102» телефонына белгісіз адам «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС call-орталығы арқылы қоңырау шалып, теміржол вокзалына жарылғыш зат орнатқанын хабарлады. Ақпарат дереу Алматы қаласының жедел қызметтеріне берілген. Тексеру барысында Алматы қаласының полиция департаменті қызметкерлері жоғарыда көрсетілген абоненттік нөмір Ақтөбе қаласы тұрғынының атына ...

Жалғасы »

Облыста эпидемиологиялық жағдай тыныш әрі тұрақты

Облыстық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев және «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы Ақтөбе филиалының басшысы Бақыт Жұмағалиевтер инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шығып, жағдайды баяндады. Әдеттегідей мамандар оқырмандар сауалына жауап берді. Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, 22 наурызда Ақтөбеде коронавирус инфекциясы бойынша бір жағдай тіркелді. — Испаниядан Мәскеу ...

Жалғасы »

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі

Құрметті әріптестер! Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Осы орайда, билік органдарына зор жауапкершілік жүктеледі. Мұны естен шығармауымыз керек. Бұл міндетті баршамыз абыроймен атқаруымыз кқажет. Үкімет, Ұлттық банк және басқа да органдардың қолға алған жұмыстары туралы мәлімет алдық. Енді, елдегі тұрақтылықты сақтауға арналған  басқа да шараларға тоқталайын. Бірінші. Коронавирустың таралуына қарсы жұмыстарды күшейту. Өздеріңіз білесіздер, жаһандық індет ушығып барады. Бүкіл әлем бойынша ...

Жалғасы »

Ақтөбеде коронавирус инфекциясы бойынша бір жағдай тіркелді

22 наурыз күні Ақтөбеге Мәскеуден келген ұшақтағы жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазіргі күні науқас, яғни Ақтөбе қаласының тұрғыны облыстық жұқпалы аурулар  ауруханасының арнайы оқшаулау бөлімінде жатыр. Тіркелген жағдайға және індеттің алдын алу шараларына қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев пен облыстық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысында алғаш рет коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Ақтөбе облысында коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелгенін хабарлады. «Коронавирус инфекциясын жұқтыруға қатысты тағы бір оқиға Ақтөбе облысында тіркелді» делінген хабарламада. Жалпы қазірге дейін елімізде коронавирус жұқтыру оқиғасы бойынша  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша — 31 адам, Алматы қаласында — 24 адам, Қарағанды қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, жалпы ...

Жалғасы »