Daily Archives: 22 Наурыз 2020

Жедел әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті

Жексенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен жедел әрекет ету штабының кезекті жиыны өтті. Облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары және селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысқан отырыста өңірдегі карантиндік режим мен төтенше жағдай кезіндегі жалпы ахуал, дайындықтар пысықталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов атқарылып отырған жұмыстарды атап өтті. Айтуынша, өңірде санитарлық-эпидемиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты аймақтық комиссия құрылып, ...

Жалғасы »

Азық-түлік дүкендері жабылмайды

Тұрғындардың қаптап азық-түлік алып, алаңдауына негіз жоқ. Облыс аумағы мен қаладағы азық-түлік дүкендерінің жұмысы тоқтатылмайды. Олар әдеттегідей санитарлық-дезинфекциялық тұрғыда, күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Дүкен қызметшілері дезинфекциялау құралдарын пайдаланып, жұмыс орнын  күніне екі рет сулы шүберекпен сүртіп алуы керек. Сатушылар бетперде және қолғаппен қамтамасыз етілуі қажет. Бір реттік бетперде мен қолғаптар екі сағат сайын ауыстырылып отыруға тиіс. Бұл туралы облыстық тауарлар ...

Жалғасы »

Коронавирус: қауіпсіздік шарасы қалай жүргізіліп жатыр?

Облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде осы сұраққа  жауап берді. Облыста қауіпсіздік шаралары жан-жақты түрде  жүргізіліп жатыр. Қазіргі күні халықаралық әуе және теміржол қатынасы тоқтатылды. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан келетін әуе рейстері мен автокөлік, пойыздар тоқтады. Қазір Ақтөбе мен Ақтау арасында ғана әуе  қатынасы бар. Тиісті мекемелер сақтық шараларын күшейтті. Жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. — ...

Жалғасы »

Әйтеке би ауданына блок-бекет қойылды

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. Ал Елордадан келетін көліктер Әйтеке би ауданы арқылы өтеді. Осыған орай ауданда коронавирус инфекциясының алдын-алу үшін блок- бекет қойылды. Нұр-Сұлтаннан келетін барлық көліктер арнайы медициналық тексерістен өтіп, бақылауға алынады. -Жедел әрекет ету штабының тапсырмасына сәйкес, барлық қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде оның ішінде такси қызметін атқаратын көліктердің ішіне дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Әйтеке би» мен ...

Жалғасы »