Daily Archives: 21 Наурыз 2020

Соңғы онкүндікте ақтөбеліктердің кітап оқуға деген сұранысы артқан

Сенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болып 350 мың қоры бар кітапхана жұмысымен танысты. COVID-19 індетінің таралып кетпеуіне байланысты кітапхана басшылығы 16 наурыздан бастап оқырмандарды қабылдауды тоқтатқан. Дегенмен кітапхана меңгерушісі Бахтлы Қошабаеваның айтуынша наурыз айында ақтөбеліктердің кітап оқуға деген сұранысы мен қызығушылығы күрт артқан. Мұны кітапхана ұжымы елдегі жағдаймен байланыстырып отыр. Бүгінгі таңда ...

Жалғасы »

Облыс әкімі медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды

Сенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен орынбасары Мейрамбек Шермағанбет М.Оспанов атындағы медицина университетінің №2 жатақханасында болып, оқшауланған азаматтарды жатқызуға арналған бөлмелермен танысты. Жатақханада бүгінгі таңда 350 төсек орны әзірленген. Сондай-ақ бұл күні облыс басшысы жедел жәрдем бригадасының сақтық шаралары үшін жасалған медициналық жабдықтарымен танысты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша мұндағы медицина қызметкерлерінің барлығы 56 мың бір ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды.

Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің 2020 жылғы 20 наурыздағы өкімімен Амангелді Нұғманов жаңа қызметке тағайындалды. 53 жастағы Амангелді Нұғманов Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тумасы. Қайнар университетін, Халықаралық құқық қорғау органдарының академиясын (Будапешт қ) ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмәмдаған. Ақтөбе облысы Мәртек аудандық әкімшілігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болып еңбек жолын бастаған. Ақтөбе облыстық кеден ...

Жалғасы »

Мейрамбек Шермағанбет Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

20 наурыз, жұма Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аппарат отырысында облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасарын таныстырды. ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен , өңір басшысының бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары болып Мейрамбек Шермағанбет тағайындалды. 48 жастағы лауазым иесі Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеттерінің түлегі. Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ...

Жалғасы »

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қобда ауданына жаңа әкім тағайындады

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қобда ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Болат Құлов кандидатурасына аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау білдірді. Қобда ауданының активін жаңа басшымен таныстыруға барған облыс əкімі Оңдасын Оразалин жаңа қызметіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді. Болат Құлов 1968 жылы туған. Ақтөбе Педагогикалық училищесінің, Алматы Экономика және статистика институттарын тәмамдаған. Еңбек жолын 1988 жылы Қобда ауданы, ...

Жалғасы »

Құрметті ақтөбеліктер!

Құрметті ақтөбеліктер!

125 рет оқылды

Биылғы Наурыз мерекесін біз елімізде ерекше жағдаймен қарсы алып отырмыз. Әлемді әлекке салған ауыр індет, дәл осы мереке қарсаңында бізге де жетті. Кезінде ата-бабаларымыз еске алатын, «ел басына күн туған сәт» басымызға келді. Осындай сәтте біз біртұтас ел ретінде сыннан сүрінбей өтіп, не шыңдалып шығамыз немесе жел сөзге еріп, шашылып қаламыз. Таңдау еркі өзімізде. Ешкім де сырттан келіп біздің жағдайымызды ...

Жалғасы »

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Қымбатты отандастар! Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз. Қазір вирус жер шарындағы 155-тен астам мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның да аумағына таралуда. Індеттің географиялық өрісі үздіксіз кеңейіп, құрбандарының саны да өсіп келеді. Бұл жағдайды халықаралық экономикалық дағдарыс –  шикізат, валюта және қаржы нарықтарының құлдырауы ушықтыра түсуде. Мұның бәрі біздің елді де айналып өтпейтіні анық. Басқаша айтқанда, біз қазір ...

Жалғасы »

Карантин: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органдар жұмысына оң баға берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды. Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының таралуына байланысты елімізде Төтенше жағдай жарияланып, елордада карантин  енгізілгеннен кейін Жібек жолы ауылы маңына қойылған №6 бақылау-өткізу бекетіне барып, жұмысымен танысты. Қазақстан Президенті карантин режимін қамтамасыз ететін қала әкімдігінің, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілерінің дайындығына оң баға берді. Қасым-Жомарт ...

Жалғасы »

«Восход-ORIEL» компаниялар тобының Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Үндеуін қолдауға байланысты ҮНДЕУІ

Құрметті қазақстандықтар! Қазір біздің еліміз дүние жүзіндегі барлық мемлекеттер сияқты коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты қиын жағдайды бастан кешіп отыр. Мемлекетіміз бұл инфекцияның өршуіне қарсы барлық шараларды қолға алып жатыр, төтенше жағдай жарияланды. Дегенмен егер бұл індетке қарсы күреске бүкіл қазақстандық қоғам жұмыла кіріспесе, тек мемлекеттік органдардың іс-қимылы жеткіліксіз болатындығы мәлім. Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған ...

Жалғасы »

Жағдай тұрақты, қауіпсіздік шаралары жіті бақылауда

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен  жедел әрекет ету штабының отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов,  сондай-ақ облыс әкімінің барлық орынбасарлары, видеобайланыс арқылы аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Қауіп күннен-күнге күшейген уақытта қаперсіз отыруға болмайтындығын айтқан облыс әкімі өткен басқосуда берілген ...

Жалғасы »