Daily Archives: 20 Наурыз 2020

1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру электронды жүргізіледі

Брифинг Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты енгізілген өзгерістер туралы айтып берді. — Елдегі төтенше жағдайға байланысты 1 сәуірден бастап екінші тоқсанға атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау онлайн түрде жүргізіледі. Бұл — коронавирустың таралуына жол бермеу үшін ...

Жалғасы »

Сақтансақ, індеттің таралуына жол бермейміз

Рүстем ИСАЕВ, Ақтөбе медициналық  орталығының бас дәрігері: Коронавирусқа байланысты облыста сақтық шаралары жасалып жатыр. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Үрейленіп, дүкеннен қаптап азық-түлік сатып алудың қажеті жоқ. Дегенмен әрбір адам осы мәселеге бейжай қарамай, барлық санитарлық талапты орындауы керек. Сақтансақ қана аурудың әрі қарай таралуына жол бермейміз. «Бұл ауру маған жұға қоймас», «бізден алыс» деп той тойлап, қонақ шақырып жүргендер бар. Коронавирус ...

Жалғасы »

Педагогтер онлайн форматта оқытылады

Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 16 наурыздан бастап облыста педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының барлық түрлері тоқтатылып, қашықтықтан білім беруге көшірілді. Осыған орай алдағы уақытта біліктілікті арттыру курстарына қатысатын білім беру саласының қызметкерлері мен мұғалімдер онлайн форматта жұмыс жасап, оқытылатын болады. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстарға жан-жақты дайындалып, барлық мүмкіндікті пайдаланып жатырмыз. ...

Жалғасы »

Қашықтықтан оқыту технологиясы: жаңа формат. Тиімді жүйе

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейтуді міндеттеуіне байланысты Білім және ғылым министрлігі арнайы бұйрық шығарды. Соның негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бірі — 16 наурыздан бастап колледждердің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерінің қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуі. Министрлік тарапынан оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтер мен студенттерге электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалды. Оқыту ...

Жалғасы »

Үш тілдің үндесуі

Жуырда М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде «Шетелдік студенттерді қолдау және ағылшын тілінде оқытатын клиникалық пәндер оқытушыларының тілдік тәлімгерлігі» ғылыми жобасы аясында оқу орнында білім алып жатқан үнді студенттеріне ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылды. Медицина факультетінің 1-курс студенттеріне «Абай поэзиясы — біздің асыл мұрамыз» (Abai’s poetry is our heritage) тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, ұлы ойшылдың ...

Жалғасы »

Сырлы әлемге саяхат

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай мұрасы — рухымыздың алтын діңгегі» атты апталық өтті. Ақын шығармашылығын студенттер арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған апталық барысында болашақ дәрігерлер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарма жазып, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша жарысқа түсті. Сондай-ақ поэзия әлеміне қалам тербеп жүрген талапкер ақындар ...

Жалғасы »

Абайдың 160 өлеңін жатқа оқиды

Байғанин ауданы Жарқамыс орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әйгерім Мұқаш Абайдың 160 өлеңі мен «Ескендір» поэмасын жатқа біледі. Былтыр Семейде өткен республикалық «Абай оқулары» байқауында «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алған дарынды оқушы биыл да Абайдың 175 жылдығына орай облыста ұйымдастырылатын әр түрлі байқауларға қатыспақ. Республикалық байқауда Абайдың шәкірті — Шәкәрім, Абайдың балалары — Мағауия және Ақылбайдың өлеңдерін ...

Жалғасы »

Тоғызыншы сөз

Осы мен өзім — қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә, әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем, — сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес ...

Жалғасы »

Карантин кезінде үйде немен айналысуға болады?

Әлемді жайлаған коронавирус дертінен сақтанудың бірден-бір жолы — үйден шықпай отыру. Әлемнің кейбір елдерінде үйден шығуға тыйым салынды. Қазақстанда екі қалада карантин жарияланды. Мектептерде оқушылар каникулға шығып, демалыс аяқталғасын онлайн оқуға көшетін болды. Студенттер де қашықтан оқытуға көшті. Президенттің нұсқауымен төтенше жағдай кезінде қоғам тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелердің өзінде қызметшілердің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеу режиміне көшірілді. Жеке кәсіпорындарға да ...

Жалғасы »

Сұлу апаның наурыз көжесі

Наурыз мейрамында үйге келген қонақтың үлкен-кішісіне ұсынылатын ұлттық тағамның төресі – наурыз көже. Буы бұрқыраған қою көжеге салынатын әр дәмнің өз мәні, реті бар. Бұл туралы бізге аудандағы үлгілі отбасылардың бірі — Кердері әулетінің отанасы, 15 немере, 4 шөбере сүйіп отырған кейуана Сұлу Ахметова айтып берді. Шаңыраққа иіліп, келін болып түскеніне 58 жыл болған Әлімнің қызы балалық шағындағы Амал мерекесін ...

Жалғасы »