Daily Archives: 19 Наурыз 2020

Нақтылап алмай, ешкімге есік ашпаңыз!

Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді қырағы және сақ болуға, алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. «Бейтаныс адамдарға есікті ашпаңыз, себебі алаяқтар сізге дезинфекция жұмыстарын жүргізу, коронавирусқа медициналық тексеру және басқа да сылтаумен келуі мүмкін. Қазіргі таңда коронавирусқа байланысты алаяқтық фактілері тіркелген жоқ, алайда сізден мұқият болуды сұраймыз. Осындай жағдайларда дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз және ...

Жалғасы »

Тұңғыш Президент қорынан 200 миллион теңге бөлінді

Елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күреске Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорынан 200 миллион теңге бөлінеді. Бұл қаражат Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен бөлінуде. Елдегі ахуал Елбасының жіті бақылауында. «Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүзеге асып жатыр. Бұл әрекеттер қазіргі ахуалға сай және дер кезінде қолға алынды. Мемлекет теңдессіз шараларды қабылдап отыр. Қауіпті індетпен күресте отандық бизнес те қолдан келгенше ...

Жалғасы »

Облыс әкімі қаладағы қауіпсіздік шараларын тексерді

Сейсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қаулысына орай, облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровпен бірге  қаладағы бірнеше нысанды аралап,  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында қалада атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Өңір басшысы қаланың  орталық көшелеріндегі  аялдамаларда, қоғамдық көліктерде жүргізіліп жатқан залалсыздандыру ...

Жалғасы »

Өтелмеген несие үшін 3 ай сыйақы есептелмейді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары қаралды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне және әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалдың өзгеруіне, халық пен бизнестің қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеуге байланысты пруденциялық реттеудің уақытша шаралары туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова баяндады. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Үкіметтің биылғы 24 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген, ...

Жалғасы »

Дархан Ермағанбетов — Әйтеке би ауданының әкімі

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Әйтеке би ауданы әкімінің лауазымына ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен  Дархан  Ермағанбетовті тағайындады. Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған облыс басшысы оның жұмысына сәттілік тілей отырып, алдағы мақсат-міндеттерін  айқындап берді. Мемлекет басшысы бекіткен тапсырмаларды сапалы жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың жұмысқа орналасуын басты назарда ұстау қажеттігін  айтты. Дархан Ермағанбетов 1986 жылы туған. ...

Жалғасы »

ҚР Бас Прокурорының орынбасары Б.Дембаевтың «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібінде үндеуі

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті елдің бүкіл аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2020 жылғы  19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілді. Бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер белгіленді. Оларды орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады (ӘҚБтК-нің 476-бабы – 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамаққа ...

Жалғасы »

Кәсіпкерлердің көмегі — 750 мың теңге

«Ел болып жеңеміз!» Осындай атпен ақтөбелік фермерлер коронавируспен күресіп жатқан ақ халаттыларға ақшалай көмектерімен үн қосты.  Ақтөбе фермерлер орталығы ұйымдастырған бұл шараға аудан, ауылдардан 200-ден астам кәсіпкер атсалысқан. Олар мұндай ортақ бастаманы бірауыздан қолдап, бас-аяғы 2-3 сағаттың ішінде 750 мың теңге ақша жинап берген. Әркім өзінің шамасына қарай берілген қаражат бір жерге жиналып, Халық банкінде ашылған есепшотқа аударылды. — Мемлекеттің ...

Жалғасы »

Мейрамханаларда іс-шаралар өткізуге шектеу қойылды

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиынға мейрамхана, кафе, ірі сауда желілері мен ойын-сауық орындарының басшылары шақырылды. Кездесу барысында оларға елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты уақытша шектеу шаралары түсіндірілді. — Коронавирус —  әлем елдерінде күрделі мәселелер туғызып отырған қауіпті індет. Вирустың таралып кету қаупін ескере отырып, елде енгізілген төтенше жағдайларға байланысты шектеу шараларын орындауларыңыз керек. Кәсіптеріңізден табыс көріп отырғандарыңызды ...

Жалғасы »

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Елімізде короновирус дертін жұқтырғандар саны өсіп барады. Халық алаңдаулы. Тұрғындар дәріханалардан медициналық бетперде, қарапайым антисептикалық сұйықтық пен парацетамол дәрісін таппай жүр. Азық-түлік бағасына қатысты да сұрақ көп.  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев пен облыстық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Нұрсұлу Беркімбаева және облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қайрат ...

Жалғасы »

«Шалқар PREMIUM-2» минералды су құю зауыты ашылды

Шалқар қаласында «Минеральные воды Казахстана» ЖШС «Шалқар PREMIUM-2» минералды су құю зауытының ашылу салтанаты болды. Ғимараттың жалпы ауданы — 9959,1 шаршы метр, кірме теміржол ұзындығы — 816 метр, зауыттың өндірістік қуаты 1,5 литрлік «Шалқар» емдік-асханалық минералды суын айына 2 400 000, ал 0,25-05 литрлік «Шалқар» минералды суын айына 1 500 000 бөтелкеге дейін өндіруге әлеуеті бар. Зауытты іске қосу үшін ...

Жалғасы »