Daily Archives: 16 Наурыз 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуі

Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен-күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады. Президент жанынан Мемлекеттік комиссия құрылды. Оны Премьер-министр басқарады. Барлық қажетті ...

Жалғасы »

Ас-садақалар кейінге қалдырылуы керек

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша мұсылман қауымын көпшілікпен өтетін ас-садақа мен жиындарды, іс-шараларды мүмкіндігінше кейінге шегеріп, бүкіл мешіттерде және асханаларда садақа өткізуді тоқтатуға шақырды. Қазіргі таңда мұндай сақтық шаралары Қазақстанда ғана емес, қазіргідей індеттің таралу қаупі бар барлық елдерде қолға алынып, әлем мұсылмандары көпшіліктің қатысуымен өтетін діни шараларды тоқтатуда. Осыған орай 16 наурыз—15 сәуір аралығында «Нұр Ғасыр» мешітінде садақалар ...

Жалғасы »

Динагүл Баешева коронавируспен күрес жөнінде: Халықтың өзінің сақтануына көп нәрсе байланысты

Қазақстанның жетекші инфекционисі, Астана медициналық университетінің балалардың инфекциялық аурулары кафедрасының жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева коронавирус инфекциясының өзге аурулардан ерекшелігі мен оқшауланудың тәртібі туралы айтып берді. —  Динагүл Аяпбекқызы, өкінішке қарай, коронавирус біздің елде де тіркелді. Осыған байланысты адамдар дүрбелеңге берілмеуі үшін не істеуі керек деп ойлайсыз? Азаматтар осындай жағдайда өзін қалай ұстауы керек? —  Өзіңіз білетіндей, Дүниежүзілік денсаулық ...

Жалғасы »

Ірі сауда орталықтары 10.00-18.00 аралығында ғана жұмыс істеуі мүмкін

Президенттің елде төтенше жағдай жариялауына және халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі бірқатар шараларды қабылдау жөнінде кеңес берді. «10-нан кешкі 18.00-ге дейін ғана жұмыс істегені жөн. Осы аралықта санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сауда орталығының аумағындағы кинотеатр, балалар орталығы, кез келген ойын-сауық алаңдары жабылады. Азық-түлік дүкендері, азық-түлік сататын супермаркеттер және азық-түлік базарлары қалыпты режимде жұмыс істей ...

Жалғасы »

Шұғыл жиын өтті

Жексенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жариялаған төтенше жағдайына байланысты шұғыл жиын өткізді деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері мен департамент, басқарма басшылары, сауда орындарының өкілдері қатысқан басқосуда Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету, алдын алу шараларын күшейту мәселесі талқыланды. «Дүние жүзіне ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды

16 наурыз, дүйсенбі ҚР Президенті әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен қала басшылығы қызметіне Асхат Шахаров тағайындалды Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған өңір басшысы Оңдасын Оразалин алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Асхат Шахаров 1978 жылы РФ Орынбор облысында дүниеге келген.Жоғары білімді. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын «Дене тәрбиелеу мәдениетінің оқытушысы спорт жаттықтырушысы», ...

Жалғасы »

Ақтөбеге үкімет делегациясы келді

Өткен сенбіде  Ақтөбеде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоқжанов, Мемлекет басшысының көмекшісі Қанат Бозымбаев, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев,  Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз  Ержанов, Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Төлеген Оспанқұлов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын ...

Жалғасы »

«Табыстағы» жәрмеңке

Өткен аптаның сенбісінде «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Бұл жолы сауда сөрелеріне Хромтау ауданынан келген тауар өндірушілер мен Ақтөбе қаласының бірқатар кәсіпорындарының өнімдері қойылды. Жәрмеңкеге келушілер ет-сүт, көкөністер мен ұн-нан өнімдерін, басқа да азық-түлік тауарларын арзан бағамен сатып алды. Хромтау ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Қойшыбай Рсалиннің айтуынша, жәрмеңкеге ауданның 10 селолық округінен өнім өндірушілер келген. ...

Жалғасы »