Daily Archives: 14 Наурыз 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының кеңесін өткізді

Президенттің төрағалығымен Шұғыл әрекет ету штабының кеңесі өтті. Оған Үкіметтің және бірқатар мемлекеттік органның басшылары қатысты. Мемлекет басшысы әлемнің жаһандық экономика мен геосаяси ахуалды қайта өзгертудің күрделі кезеңін бастан кешіріп отырғанын атап өтті. Қазақстанның алдында тұрған міндет — мүлдем жаңа талаптар кезеңінде экономиканы орнықты даму режимінде сақтау. Премьер-Министр Асқар Мамин ел экономикасына кері әсер ететін сыртқы факторларды азайтуға байланысты Үкіметтің ...

Жалғасы »

Қазақстанда пандемияға байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  коронавирусты пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатынын хабарлады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды. — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы — азаматтарымыздың ...

Жалғасы »

Қазақстанның екі азаматынан коронавирус табылды

Кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлімдеді. Үш айдан бері біз елімізде коронавирусқа жол бермеу мақсатында біраз шараны іске асырдық. Алайда, өкінішке қарай, бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылды. Бүгін біздің Алматыдағы лабораторияда Қазақстанның екі азаматынан «коронавирус» расталды. Олар — Германиядан келгендер, — деді Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар ...

Жалғасы »

Облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппараттық отырыста аймақ басшысы жаңа орынбасарларын таныстырды. Облыс әкімінің өкіміне сәйкес Нұржауған Қалауов облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына және  ҚР Президентінің жастар кадрлық резервіне алынған Руслан  Хамбаров облыс әкімінің  экономикалық мәселелері бойынша орынбасары болып тағайындалды. Нұржауған Қалауов 1976 жылы туған. Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік, Орталық Азия, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң ...

Жалғасы »

Уағыз уақытша тоқтатылады, 69 мешітке дезинфекция жасалады

Бейсенбі күні Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың алдын алу және сақтық шараларына орай жұма намазына қатысты Үндеу жариялаған болатын. Осы орайда біз облыстың бас имамы Төлеби Оспанмен тілдескен едік. — Әлемде болып жатқан жағдай қазір бәрімізді алаңдатып отыр. Тіпті бүгін елімізде де осы инфекцияға қатысты деректер тіркелді. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала отырып, коронавирустың ...

Жалғасы »

Облысқа 1 млрд 650 млн теңгенің дәрі-дәрмегі жеткізілді

Бүгінгі жағдай бойынша Ақтөбе облысындағы медициналық мекемелерге 1 млрд теңге көлеміндегі дәрі-дәрмектің 346 түрі жөнелтілді. Қазіргі таңда 470 миллион теңгеден астам соманың дәрісі пациенттерге берілді. «СК-Фармация» мәліметінше, Ақтөбе облысындағы барлық медициналық ұйымдарға 2020 жылға 4,3 миллиард теңге көлеміндегі сомаға  препараттар мен медициналық бұйымдар қажет. Айта кетсек, стационарда емделіп жатқандар үшін өңірге 645 миллион теңгенің дәрісі жіберілді, ал стационардың жалпы бір ...

Жалғасы »

Жаңа құрам таныстырылды

Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе» футбол клубының жаңа құрамымен танысты. Кездесуге облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров, клубтың басқарма төрағасы Артур Смағұлов, бас жаттықтырушы Алексей Петрушин және басқа да қонақтар қатысты. — Жергілікті футболды дамытуға қаржылай қолдау білдірген депутаттарға алғыс білдіреміз. Жаңа құрам ақтөбелік жанкүйерлердің үмітін ақтайды деп сенемін. Алдағы уақытта ойындарыңыз жеңісті әрі жемісті болсын ...

Жалғасы »

Азық-түлік қоры жеткілікті, медициналық бетперде жеткізіледі

Брифинг Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында коронавирус жағдайына қатысты баспасөз конференциясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева қатысты. Баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин өңірде коронавирус жағдайына байланысты жан-жақты сақтық шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді. — Қазіргі таңда өңірде ...

Жалғасы »

Сауда бірқалыпты жүреді, үрейленудің қажеті жоқ 

Анық-қанық Ақтөбеде соңғы бір-екі күннен бері WhatsApp мессенджері арқылы «Ақтөбедегі ірі сауда желілері 2-3 аптаға жабылады екен» деген ақпарат тарап жатыр. Мұндай ақпараттың рас-өтірігін дәлелдеу үшін қала әкімінің баспасөз қызметі қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысы Руслан Әжниязов пен «Анвар» ЖШС директоры Бақытжан Киззаевтың қатысуымен арнайы шара өткізді. Руслан Әжниязовтың айтуынша, әлеуметтік желілерде қаламыздағы ірі супер, гипермаркеттерде ине шаншар жер қалдырмай, азық-түлік ...

Жалғасы »

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа кезеңі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды  бағдарламасында да, Жолдауында да сыбайлас жемқорлықты жою, бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапты тұлғалардың тізіміне мемлекеттік органдардың басшыларын енгізуді тапсырған болатын. Соған сәйкес елімізде былтыр 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Антикор орталығы» сервистік орталығында аталған ...

Жалғасы »