Daily Archives: 12 Наурыз 2020

Қазақстанда пандемияға байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады – Президент

– ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз, – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында. Еgemen.kz

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН, облыс әкімі: Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тапшылығына және оларға бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталған барлық шараларды қабылдау қажет  

Әлемдегі қаржылық-экономикалық ахуал және оның ел экономикасына әсері жөніндегі мәселелер талқыланған жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға азық-түлік бағасының негізсіз өсуін, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуін болдырмауға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Соның ізінше Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдерге әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыруды тапсырды. Президенттің, Үкімет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ...

Жалғасы »

«Aqtobe Hub» жаңа мүмкіндіктерге жол ашады!

Облыс әкімдігінде «Aqtobe Hub» өңірлік даму орталығының қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, сондай-ақ өңірдегі ірі кәсіпорын басшылары мен бизнес өкілдері қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. — Жаңа экономикалық жағдайлар мен  елдің мықты өңіріне айналуға деген ұмтылысты ескере отырып, Ақтөбе облысын жаңғырту ...

Жалғасы »

Қар суын ұстап қалуға 22 тоған керек

Брифинг Биылғы  көктемгі егіс жұмыстарына мемлекеттен   жеңілдетілген бағамен 9 мың тонна дизель отыны бөлінді. Шаруа қожалықтары оның 1 литрін 177 теңгеден «Батысжер» ЖШС-нан сатып ала алады. Сонымен қатар мемлекет фермерлер сатып алатын  тұқым, органикалық және минералды  тыңайтқыштардың 50 пайызын субсидиялайды.  Бұл жөнінде  өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы  басқармасының басшысы  Құсайын Сәрсембай баяндады. 2019 жылы  гербицидтерді субсидиялауға 279  ...

Жалғасы »

«Бақытты отбасы» бойынша мыңға жуық отбасы баспаналы болады

Кеше еліміз бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасының екінші кезеңі басталды. Жергілікті әкімдіктің тұрғын үй қатынастары бөлімі 12-20 наурыз аралығында аталған бағдарлама бойынша баспаналы болуға ниеттілерден өтініш қабылдайды. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарлама — жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған мұқтаж адамдарға баспаналы болуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама. Кеше қала әкімінің баспасөз қызметі осы тақырыпқа байланысты ...

Жалғасы »

Департамент бастығы тағайындалды

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Марғұлан Аманбаев тағайындалды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесін басқарған. Жаңа басшыны Ақтөбе гарнизонының жеке құрамына Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Марат Күлдіков таныстырды. Ол содан кейін Ақтөбе гарнизоны автокөлік паркінің жаңа арнайы техникалары ...

Жалғасы »

Өскелең ұрпақтың өнегелі мақсаты

Еріктілер жылы Шалқар қаласындағы №8 орта мектепте «Өскелең ұрпақпен ұлы мұраттарға» атты Еріктілер жылының ашылу салтанаты өтті. Шараға аудан әкімі Бауыржан Қаниев, депутаттар, бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері, белсенді ерікті жастар қатысты. Салтанатты шара Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен ашылды. Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорының атқарушы директоры Гүлмирам Сражева еріктілер жұмысын жүргізудегі өз тәжірибесін және шетелдердегі ...

Жалғасы »

Жүзіп үйренгің келсе…

Салауатты салт Қобданың ауылдық округтерінде тұратын мектеп оқушылары енді бассейнге барып, суда жүзіп үйрене алады. Бұл бағытта аудандық білім бөлімі тарапынан кешенді шаралар қолға алынған. Қаңтар айынан бастап Қобда ауданына қарасты бірнеше ауылдық округтердің оқушылары үшін Қобдадағы денешынықтыру-сауықтыру орталығындағы бассейнге тасымал жұмысы ұйымдастырылған. 5-11 сынып аралығында оқитын оқушыларды тасымалдау жұмысы аптасына 4 рет, күніне 2 мезгіл ұйымдастырылады. Аудан әкімінің тапсырмасы ...

Жалғасы »

Ауылда еңбек етсеңіз…

Түлектер миллиондаған теңге грант, мыңдаған теңге жәрдемақы беріледі Мәртөк ауданына мұғалім, дәрігер, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, мемлекеттік қызметкерлер керек. Еңбек жолын ауылда дәрігер болып бастаған жас маманға 1 миллион 500 мың теңге көлемінде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің гранты табыс етіледі. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында көтерме жәрдемақы (265 мың теңге) мен пәтер сатып алуға немесе үй салуға өте төмен пайызбен ...

Жалғасы »