Daily Archives: 7 Наурыз 2020

Ардақты аналар! Аяулы апа-қарындастар!

Баршаңызды көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адамзат үшін анадан құдіретті, анадан ардақты, анадан аяулы ешкім жоқ. Сондықтан әлемдегі ең жоғары мадақ пен құрмет аналар мен аруларға арналады. «Жақсы сөз — жарым ырыс» демекші, ақжаулықты аналарымызды, қарындастарымыз бен қыз-келіншектерді осындай тамаша мерекемен құттықтап, тілек білдіру маған азамат ретінде үлкен мәртебе. Өйткені біз кім болмайық, ...

Жалғасы »

Мерекедегі шуақты сәт

Кеше Ақтөбе қаласындағы «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында облыс әкімі Оңдасын Оразалин мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерді, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды, сондай-ақ облыстық Ауған соғысы жауынгер-интернационалистері қоғамдық бірлестігінің мүшелерін мерекемен құттықтады. Мерекелік шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова, «Қазақ саңыраулар қоғамы» облыстық филиалының төрайымы Зинаида Телеушова, Ақтөбе қалалық сал ...

Жалғасы »

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен меморандумға қол қойылды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Вэй Юйсян және облыстық кәсіподақтар орталығының басшысы Алтынбек Әмірғалиев өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды. Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Ермағамбетов, еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Саламат Аманбаев қатысты. Облыс басшысы өңірдің ...

Жалғасы »

Биыл Ақтөбе қаласының жолдары 5 миллиард 300 миллион теңгеге жөнделеді

Қазір Ақтөбе қаласындағы көше жолдарының жағдайы сын көтермейді. Әсіресе, күн жылынып, қар ери бастаған дәл осы шақта бұл мәселе жүргізушілер тарапынан жиі көтеріледі. Бүгінгі күні әлеуметтік желілердегі басты тақырып та осы. Бұл — жыл сайын қайталанатын проблема. Қала көшелеріндегі жолдарға жөндеу жұмыстары жасалса да, қар еріген шақта асфальт жамылғылары ойылып, қозғалысқа едәуір кедергі келтіреді. Нәтижесінде көлік кептелістері туындап, жүргізушілердің ашу-ызасын ...

Жалғасы »

ASHYQ AKIMDIK кеңсесі ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімдігінің ASHYQ AKIMDIK кеңсесі пайдалануға берілді. Кеңсенің ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Мирлан Мұхамбетов және басқарма басшылары қатысты. Кеңсенің ашылуы ең алдымен тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдауға арналған алаң болатынын айтқан облыс басшысы қабылдау күндерінің кестесін жүйелеу қажеттігін тапсырды. ...

Жалғасы »

«Көктем шуағы»

Ақтөбе қаласындағы «Arowana Grand Park» мейрамханасында облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов облыстың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене үлес қосып жүрген бір топ әйелдермен кездесті. Облыс әкімдігі және Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен өткен «Көктем шуағы» атты мерекелік шараға өңірдің әр саласында табысты еңбек етіп жүрген 50-ге жуық әйел мен еңбек ардагерлері шақырылды. Қайрат Бекенов әйелдер қауымын облыс ...

Жалғасы »

Коронавирус: облыста аптасына 20 мың дана бетперде шығарылады

Брифинг Облыста медициналық бетперде тапшылығын болдырмау мақсатында «ТК Фарм Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бетперде шығаруды қолға алған. Аталған мекеме аптасына 20 мың дана өнім шығарады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев пен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болды. Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, елімізде 1 ...

Жалғасы »

Көлік жолдарын жөндеу жыры қашан аяқталады?

Ақтөбенің жолдары, әсіресе, қаланың ескі бөлігіндегі аумақ адам көргісіз екені жасырын емес. Бұны бұқара ғана емес, Nur Otan партиясы облыстық филиалының жанынан құрылған бақылау комиссиясының мүшелері де растап отыр. Құрамына жергілікті мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен ақпарат құралдарының өкілдері кіретін топ журналистермен бірге кеше шаһарда рейд өткізді, олармен бірге жолдардың жағдайына жауапты мекеме — Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар ...

Жалғасы »

Су тасу қаупі жоқ

Брифинг Биыл облыста көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларға 329 млн теңге қарастырылған. Бүгінге дейін қала аумағынан 120 мың текше метр қар шығарылып, су тасқынына қарсы 150-ге жуық техника жұмылдырылуда. Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау саласындағы апаттар қатерін азайту және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Тұрмағамбетов баяндады. — Биылғы жылы ...

Жалғасы »

МӘМС: 474 мыңнан астам ақтөбеліктің жарнасын мемлекет төлеп отыр

Брифинг 2020 жылғы 28 ақпандағы мәлімет бойынша медициналық сақтандыру қорына 276,7 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Ал сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 28 ақпанына дейін Ақтөбе облысында қорға 12,7 миллиард теңгеден астам қаражат аударылған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Гүлмира Қожаниязова баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Гүлмира Қожаниязова 2020 жылдың ...

Жалғасы »