Daily Archives: 5 Наурыз 2020

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Электрондық сауданың әлемдік нарығына шығуымыз қажет

Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында  жергілікті кәсіпкерлердің  «Ақтөбе өнімдері-2020» көрмесі ұйымдастырылды. Ақтөбелік тауар өндірушілердің көрмесі облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен ұйымдастырылған форуммен өз жалғасын тапты. «Ақтөбе өнімдері-2020» көрмесінде өңірдегі  құрылыс заттары, киім-кешек, сүт, нан өндіруші 40-тан астам кәсіпорын өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Форум жұмысына дейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған топ әуелі көрмені аралап шықты. Кәсіпкерлермен тілдесіп, олардың шығарып жатқан өнімдерінің ...

Жалғасы »

Облыс әкімі Юсуп Батырмырзаевпен кездесті

Сәрсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Нью–Делиде өткен еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанған жерлесіміз Юсуп Батырмырзаевпен кездесті. Кездесуге облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров, облыстық грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов, жеке жаттықтырушы Бауыржан Нұрмаханов, т.б қатысты. — Өскелең ұрпақтың әлем алдында көк туымызды биікке көтеріп, жеңіске жетуі — біз үшін зор қуаныш, әрі абырой. ...

Жалғасы »

Тұрғындар өтініштерін айтты

Қоғамдық қабылдау Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов кеше тұрғындарды қабылдады. Партияның қоғамдық қабылдауына бұл күні жиырма шақты адам жазылған. Ай сайын өткізілетін қоғамдық қабылдауға бір ретте кемінде оннан астам адам келеді. Ербол Данағұловтың айтуынша, келушілердің дені тұрғын үй мәселесін шешуге көмек сұрайды. — Нақты айтсақ, келушілердің 75 пайызы үй жағдайын жақсартуды, яғни үй алып ...

Жалғасы »

«Шағаладағы» шу: арнайы комиссия құрылды

Кеше, 4 наурыз күні әлеуметтік желілерде ақ халат киген әйелдің ұл баланы сүлгімен ұрып жатқан бейнежазбасы тарады. Оқиғаның Ақтөбедегі «Шағала» шипажайында болғаны анықталды. Облыс əкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен облыстық балалар сүйек-өкпе туберкулезінің «Шағала» шипажайында болған жағдайды анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған істің материалдары құқық қорғау органдарына берілген. Ғаламторда қызу талқыға түскен бейнежазбаның мән-жайын білмек болып, облыстық ...

Жалғасы »

Шетелден келсеңіз, тексеріліңіз!

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тұрғындарға коронавирустық инфекциялары бар науқастар анықталған Қытай Халық Республикасына және басқа да елдерге бармауға кеңес береді. Қауіпті елдердің тізімі күн сайын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми интернет ресурстарында жаңартылып отырады. Бүгінгі күні Ақтөбе халықаралық әуежайында және теміржол вокзалында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. ...

Жалғасы »

Ұлы ақыннан қалған мұра

Бүгін Ақтөбеде ұлы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің жылжымалы көрмесі ашылады. Көрмеде көпшілік назарына 50-ден астам жәдігер ұсынылады, олардың арасында 1885 жылы Семей өлкетану музейіне ұлы ақынның өзі берген бұйымдар, оның жары Еркежанның киімі, жан-жақтағы архивтерден табылған Абай мен оның әкесі Құнанбай қажыға қатысты құжаттар бар. Көрме облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтеді. «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің іргетасы ...

Жалғасы »

Мониторингтік топ жол сапасын тексерді

Шаһар Кеше Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында құрылған арнайы мониторингтік топ қаладағы бірқатар көше жолдарының сапасын тексеріп, арнайы мамандар жолдың төменгі және жоғарғы қабаттарынан сынама алды. Қала көшелерінің жолдары шұрқ тесік, көлік жүргізушілердің мердігер компанияларға өкпелері қара қазандай… Мониторингтік топ мүшелері мен «Жол активтерінің сапасының ұлттық орталығы» Ақтөбе облыстық филиалы мамандары алдымен И.Тургенев көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне ...

Жалғасы »

Су тасқыны біреуге жұмыс, біреуге ырыс

Қала тұрғындары бұдан 4 жыл бұрынғы су тасқынын ұмыта қоймаған болар. Әсіресе, Елек өзенінің жағасындағы елді мекендер көп зардап шекті. Одан кейін қыс жайлы болып, 3 жыл бойы су тасымады. Оның үстіне 8 өзеннің арнасы кеңейтіліп, тазартылды. Ал биылғы 4 жылда бір келетін кібісе жылдың жайы бөлек. Өткен жылғыға қарағанда қар көп. Қаңтар айы бірнеше күнге созылған ақтүтек борандарымен есте ...

Жалғасы »