Daily Archives: 3 Наурыз 2020

 «Қазақ халқы жалқау» деген әңгімелерді доғару қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде 1 наурыз — Алғыс айту күні жұмыс сапарымен Жамбыл облысының Қордай ауданында болды. Президент бұл күні тойлаудан гөрі, ауыл тұрғындарымен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасуды жөн көрген. Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының жұртшылығымен және Сортөбе ауылында дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесті. Қаракемер ауылындағы кездесуде: — Қордайда болған оқиға халқымызды дүр сілкіндірді, бүкіл әлемді елең еткізді. Шыны керек, бұл жанжал мемлекетімізге, ...

Жалғасы »

Бірліктің мерекесі

«Мың алғыс саған, Қазақ елі!». 1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай  Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында салтанатты түрде өткен шара осылай аталды. Шара барысында көрмелер ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Жиналған жұртшылық алдымен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы кітап көрмесін, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің «Менің Отаным — Қазақстан!» атты көрмесін тамашалады. Көрмеде архив құжаттары, фотосуреттер, ...

Жалғасы »

Цифрландыруға 4,1 млрд теңге бөлінді

Сенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин ІТ-компания өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын Ақтөбе қаласындағы Қазақстан-Ресей халықаралық университетінің ғимаратында ұйымдастырылды.   Шараның мақсаты — өңірде IT  қауымдастығын құру. Қазақстан үшін IT жаңадан дамып келе жатқан қызмет түрі. Тұрғындар цифрлық технологияны пайдалануды күнделікті дағдыға айналдырса, бұдан өмір сүру сапасының да арта түскенін аңғаруға болады. Бүгінде еліміздің ІТ мамандары шетелдік әріптестермен байланыс орнатып жатыр. ...

Жалғасы »

Көпбалалы аналарға тігін машиналары сыйға берілді

«Менің кәсібім» республикалық әлеуметтік жобасы аясында ақтөбелік аналарға қолдау көрсетілді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласы мен аудандардан жиналған 30-ға жуық көпбалалы анаға тігін машиналарын сыйға тартты. Биылдан  бастап жүзеге асырылып жатқан  республикалық әлеуметтік жобаның  мақсаты — көпбалалы аналарға рухани қолдау көрсетіп, кәсіп ашудың қыр-сырын үйрету. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмекке жүгініп отырған аналарға өз істерін ашуға жәрдем беру. Жобаның ...

Жалғасы »

Коронавирус: жалған ақпаратқа сенбеңіздер!

Брифинг Қазір әлеуметтік желіде коронавирусқа қатысты жалған ақпарат көп. Көпшілік мәліметтің шынайылығын тексерместен таратып жатыр. Облыс әкімдігінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев пен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева осы мәселеге байланысты баспасөз конференциясын өткізді. Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайы мен теміржол вокзалында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілген. Мәртөк ауданының «Жайсаң» және ...

Жалғасы »

Облыстық филиал төрағасының орынбасары тағайындалды

Nur Otan Өткен жұмада Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов партия активіне жаңа лауазым иесін таныстырды. Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметіне Бағжан Тілегенов тағайындалды. Ербол Данағұлов Бағжан Тілегеновтің жаңа қызметіне сәттілік тілеп, осы қызметті абыроймен атқаратынына, ұжыммен қоян-қолтық жұмыс істейтініне сенім білдірді. Бағжан Тілегенов 1982 ...

Жалғасы »

Жеке балабақшалар лицензия алуы тиіс

Брифинг Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева мәлімдеді.  Жиында департамент басшысы білім беру саласына мемлекеттік бақылау жүргізудің жаңа тетіктерін баяндады. — Биыл білім саласы үшін жаңалықтарға толы жыл болып отыр. Соның ішінде сапаны бағалау мен бақылаудың жаңа жүйесіне енгізілген өзгерістерге тоқталатын болсақ, біріншіден, Білім саласын бақылау департаменті Білім ...

Жалғасы »

Ашық есік күндері  өтіп жатыр

Кәсіподақ Кәсіподақ орталығында ашық есік күндері өтіп жатыр. Шараға Ақтөбе облысы кәсіподақ орталығы, Nur Otan партиясының өкілдері мен қалалық сот судьялары және еңбек инспекторлары қатысты. Азаматтардың өтініштері негізінен еңбек дауларын шешу, жалақының кешігуі, зейнетақы мен жәрдемақы алу, әлеуметтік және медициналық сақтандыру және несие мәселелеріне қатысты болды. Айталық, Ақтөбе қаласының тұрғыны Ұлмекен Аманғожина құлағы естімейтін, тек ыммен тілдесетін қызына жолдасының ақшалай ...

Жалғасы »

Алғыс жауған күн

Ақтөбеліктер Алғыс айту күнін атап өтті. Бұл күні жылдағы дәстүр бойынша түрлі ұлт өкілдері Қазақ еліне деген өз ризашылықтарын білдіріп, гүл шоқтарын қою үшін «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткіш-стеласының алаңына жиналды. Ресми салтанатты шараға қатысып, ақтөбеліктерді мерекемен құттықтаған Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева құтты қоныс, қасиетті мекен болған көпұлтты еліміз үшін Алғыс айту күнінің маңызы зор мереке екенін атап ...

Жалғасы »

Діни экстремизммен бірлесе күресу мәселелері талқыланды

Орынборда осы облыстың үкіметінің қолдауымен діни экстремизм мәселелеріне арналған халықаралық сарапшылар жиыны өтті. Жиынға Ресей мен Қазақстанның көптеген өңірлерінен 170-тен астам маман қатысқан. Ақтөбелік делегацияға облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб-имамы Нұрбол Смағұлов жетекшілік етті. Мамандар құқық қорғау органдарының ақпараттары, интернет-ресурстар мониторингі және түрмеде отырған экстремистік топтар мүшелері арасында жүргізілген сауалнамалардың жауаптарын сараптай отырып, қазіргі радикалдық бағыттағы уағыздардың мазмұны, қалай ...

Жалғасы »