Daily Archives: 14 Қаңтар 2020

Ақтөбелік еріктілер жақсылыққа қарай жүгіреді!

Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Ақтөбе – адалдық – алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Ізгілік елшісі» жобасы аясында еріктілер жылына бастау беру мақсатында марафон өткізеді. Марафонға кез-келген ниет білдірушілер қатыса алады. Жүгіру қашықтығы – 3 км. Марафонға тіркелу және толық ақпаратты 8-775-693-19-95 байланыс нөмірі арқылы ...

Жалғасы »

Талапқа сай келмеген тағам түрлері кері қайтарылды

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  мамандары сауда желілерінен 3364 азық-түлік сынамасын алды. Нәтижесінде 379 сынама Кеден одағының техникалық регламенттерінің талабына сәйкес келмеген. Оның ішінде отандық өндірушілер шығарған өнім бойынша — 123, еуразиялық одаққа мүше елдер өнімдері арасында — 164, басқа елдерде шығарылған 92 өнімнің сынамасы талапқа сай емес. Сондай-ақ тағам өнімдерінің 2430 сынамасы тексеріліп, 287 ...

Жалғасы »

2020 жылдың 16-19 қаңтар аралығында Ақтөбе облысында ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу жоспарлануда

Емтихан барысында ашықтықты және адалдықты қамтамасы зету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлық қақарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы департаменті жанындағы облыстың арнайы мониторингтік тобының мүшелері және «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қызметкерлері ҰБТ тапсыруға бақылаушы ретінде қатысады. Тестілеу 4 күн ішінде Ақтөбе қаласы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті базасында, сонымен қатар Хромтау, Шалқар аудандарында, Қандыағаш қаласы және ...

Жалғасы »

Қылмыс азайды ма?

Облыстық полиция департаментінде өткен 2019 жылдың жедел-қызметтік жұмыс қорытындысы шығарылды. Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, сондай-ақ облыс прокуроры Марат Қайбжанов қатысты. Қорытынды жедел кеңесте үш негізгі мәселе, соның ішінде жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы, тәртіп пен заңдылық мәселелері, азаматтардың өтініштерімен жұмыс тәжірибесі қаралды. «Өткен жылы облыста 10983 қылмыс тіркелді. Жалпы алғанда жедел жағдай тұрақты және ұдайы бақылауда тұр. Бірақ бізге тергеу желісі ...

Жалғасы »

Облыстың 848 212  тұрғыны тегін қызмет алады

Облыстық әкімдікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша аймақтық штаб отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары, өңірлік штаб жетекшісі Марат Тоқжанов  төрағалық еткен жиынға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары Манат Ысқақов, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ...

Жалғасы »

Жұмыс тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Кеше облысымызға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев бастаған жұмыс тобы келді. Мақсат — тағайындау тәсілі өзгерген атаулы әлеуметтік көмек жайында тұрғындарға кеңірек түсіндіру, жергілікті мамандармен кездесіп, жаңа механизмдерді қаншалықты түсінгендерін пысықтау. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов жұмыс тобын әуелі Қарғалы ауданына қарасты Қосестек ауылына алып барды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев ауылдық ...

Жалғасы »

Көкейкесті мәселелер талқыланды

«Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлттық орталығы» АҚ облыстық филиалында институттың профессор-оқытушы құрамы, Nur Otan партиясы қалалық филиалының «Құрмет» бастауыш партия ұйымының мүшелері, облыс мектептерінің мұғалімдері мен Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар, Ақтөбе құрылыс-монтаж колледждерінің оқытушылары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельскиймен, Құралай Қаракенмен, Асылбек Смағұловтармен кездесті. Сондай-ақ кездесуге Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жүсіпов, «Ақтөбе-Өрлеу» ...

Жалғасы »

Мүгедектік кәсіпкерлікпен айналысуға кедергі емес

Семинар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе филиалының өкілдері «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры мен облыстық кәсіпкерлік басқармасымен бірге мүмкіндігі шектеулі адамдарға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру семинарын өткізді. Биылғы алғашқы семинар «Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне арналды. — Біз оларда пайда болған кез келген мәселені шешуге атсалысып, жобаларын қолдауға дайынбыз. Басты міндетіміз — мүмкіндігі шектеулі ...

Жалғасы »

Әлеуметтік квота: көпбалалы аналар павильон  ашады

Ақтөбе қаласында көпбалалы екі анаға көше павильонын ашу үшін жер телімі жеңілдікпен беріледі. Әлия Сакиева мен Гүлмира Дабышева — көпбалалы аналар. Бірінің төрт, екіншісінің алты баласы бар. Екеуі де көкөніс саудасымен айналысуды жөн санаған. Сөйтіп «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан көше павильонын ашуға жер телімін сұрап келген. Екеуінің де көпбалалы екені ескеріліп, жер учаскесі әлеуметтік квотамен берілетін болды. Корпорация мамандарының айтуынша, Әлияға ...

Жалғасы »

Депутаттар геологтармен кездесті

Дүйсенбі күні Мәжіліс депутаттары Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Дания Еспаева «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаменті жанындағы  ғылыми-коллекциялық тас қоры және аймақтық геологиялық көрмесінде болды. 1969 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан көрмеде геологиялық құрылымның ерекше белгілерін сипаттайтын 43186  тау-кен жыныстары мен кен, фауна және флора қалдықтарының қазба үлгілері бар 932 топтама, 126 000 шлифті 434 топтама, фототеканың 366 топтамасы ...

Жалғасы »