Yearly Archives: 2020

Коронавирус: қазақстандықтар қай елге бармауы керек?

Әлем елдері коронавирус қаупінен алаңдап отыр. Оңтүстік Корея, Италия, Иран елдерінде жағдай күрделене түскен. ҚР Бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус індетінің алдын алу бойынша Қазақстанда қандай жұмыстар атқарылғанын айтып берді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігінде хабарланды.  Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Қытайда вирусқа қатысты жағдай тұрақты болғанымен, әлемнің өзге елдерінде күрделеніп барады. Мәселен, соңғы  кездері Иран Республикасында ресми түрде 42 адамның вирус ...

Жалғасы »

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы

Форум 26 ақпанда, сәрсенбі күні Үкімет басшыларының қатысуымен Хорезм облысының Үргеніш қаласында «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы аймақтық бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбында Өзбекстан мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығының II форумы өтті. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Науаи облысының  басшысы Кобул Турсунов  өзара түсіністік пен ынтымақтастық  туралы меморандумдарға қол қойды. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласын одан әрі дамыту мақсатында  Ақтөбе облысының өнеркәсіптік ...

Жалғасы »

Мәңгілік елдің қос алыбы

Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде «Ғасырлар ғұламасы» атты әдеби-музыкалық кеш арқылы әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына орай облыс орталығында жыл бойы өткізілетін шараларға бастау берілді. Осы шараға орай Мәдениет үйінің фойесі қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы әзірлеген «Әл-Фараби — ұлы ғұлама», «Абай әлемі» көрмелері және «Абай ауылымен» безендіріліпті. Абай ауылы — Абай заманында қазақтардың күнделікті тұрмыста пайдаланған бұйымдары ...

Жалғасы »

Ақын рухына тағзым етті

Қарақалпақстанға сапарының екінші күнінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Нөкіс қаласындағы Сорша қорымында жерленген ақын Төлеген Айбергеновтің басына зиярат етті. Небәрі 30 жасында дүниеден озса да, артында өлмес мұра қалдырған Т.Айбергеновтің атамекені Ақтөбе өңірі екені айтылып жүр. Ақынның туғанына 80 жыл толған мерейтойы Байғанин өңірінде кеңінен аталып өткені белгілі. Қазақстан Жазушылар одағымен бірлескен жоба аясында биылдан бастап берілетін Ақтөбе облысы ...

Жалғасы »

Шығармашылық ынтымақтастық жалғасады

Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерін біріктіретін «Ақтөбе Медиа» ЖШС мен «AQTO’BE» облыстық телеканалы негізі бұрыннан қаланған шығармашылық ынтымақтастық желісін бүгінгі күні де лайықты жалғастыруда. Кеше екі ұжым арасындағы алғы бағыттағы бірлескен іс-шараларды айқындайтын меморандумға «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин мен «AQTOBE» облыстық телеарнасы басшысы Мирас Мұқаш қол қойды. Мұндай өзара тиімділікке негізделген ынтымақтастық 2017 жылдан бері ресми түрде ...

Жалғасы »

Жұмыс берушілер кәсіби стандарттар қалыптастыруы қажет

Сессия Кеше облыстық мәслихаттың кезекті қырық екінші сессиясының жалпы отырысы өтті. №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Амангелді Есіркеповтің төрағалығымен өткен сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, облыс әкімінің орынбасары Руслан Мамунов, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан және Ақтөбе қалалық мәслихаттарының хатшылары қатысты. Сессияның  күн тәртібінде облыстық мәслихаттың өткен жылы атқарған  жұмысы қорытындыланды. Облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлованың ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктер Азия чемпионын қарсы алды

Кеше ақтөбелік күрес ардагерлері, спорт басқармасының басшылары мен жанкүйерлер еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған жерлесіміз Юсуп Батырмырзаевты әуежайдан күтіп алды. Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен біріншілікте 24 жастағы спортшы алғаш рет бақ сынаған болатын. Сары құрлықтың мықтылары жиналатын байрақты бәсекеде ақтөбелік үздіктердің бірі болды. Жарыс кезінде төрт белдесу өткізіп, қарсыластарына бірде-бір ұпай берген жоқ. Іріктеу кезеңінде тәжікстандық ...

Жалғасы »

 Сыртқа әкетуге тыйым салынады

Қытайда коронавирустық инфекцияның (2019-nСоv) өршуіне байланысты елімізде сақтық шаралары жасалып жатыр. ҚР Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың  «Жеке қорғаныш құралдарын әкетуге рұқсат беруге тыйым салу туралы» 2020 жылғы 20 ақпандағы бұйрығымен ел аумағынан жеке қорғаныш құралдарын (респираторлар, қорғаныш көзілдіріктері, I-II типті қорғаныш (обаға қарсы) костюмдер және бір рет қолданылатын қорғаныш (обаға қарсы) костюмдер, ...

Жалғасы »

Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Брифинг Облыста жұқпалы аурулардың алдын алу, екпенің маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атқарылған істің нәтижесінде 843 бала екпе алады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Нұрсұлу Беркімбаева осы және өзге де мәселелерді айтты. Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдары қызметінің негізгі жұмысы —  халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын ...

Жалғасы »

Аялдамаларды кәсіпкерлер жалға алады

Шаһар Ақтөбедегі аялдамаларды абаттандыру ісіне енді жергілікті кәсіпкерлер қатыспақ. Қала билігі мен кәсіпкерлер палатасы осындай ортақ ұйғарымға келіп отыр. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен баспасөз мәслихатында осы мәселе қаралды. Қалалық мәслихат депутаты, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының құқықтық бөлімінің бастығы Нұрлан Махамбетовтің айтуынша, аялдамаларды бизнеске беру мәселесі бұрыннан айтылып келе жатыр: — Аялдама павильондарында кәсіпкерлер қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету ...

Жалғасы »