Басты бет » 2019 » Желтоқсан (page 4)

Monthly Archives: Желтоқсан 2019

Амантай Өтегеновты еске алды

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалды музейінде ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының және Халықаралық Пен-клубтың мүшесі Амантай Өтегеновты еске алуға арналған «Ақын. Аудармашы. Публицист» атты кеш өтті. Еске алу кеші Ақтөбе гуманитарлық колледжі өнерпаздарының орындауындағы төкпе күйлер попурриімен басталды. Шараға ақынның жұбайы Орынгүл Мұқашқызы, қызы Мерей Амантайқызы, немерелері Алан және Зәуре Өтегеновтер, басқа да туыстары, әріптестері, достары және шәкірттері, ...

Жалғасы »

Желтоқсан: жыл түйіні

Міне, ескі жылмен қоштасып, Жаңа — 2020 жылдың есігін ашатын уақыт та келіп жетті. «Ескі жылда есірке, жаңа жылда жарылқа!» дейді қазақ. Желтоқсанда жыл бойғы көп шаруаның түйіні түгенделіп, алдағы кезеңнің атқарылар тірлігі болжамдалады. Сонымен, бізге бұл ай не берді дегенге тоқталсақ…  Тұғырлы «Тәуелсіздік» стеласы Облыс орталығындағы Абай даңғылы бойында еңселі «Тәуелсіздік» стеласы бой көтерді. Стеланың көзге түсетін басты өзгешелігі ...

Жалғасы »

Өмір сабағы

Қаншама жасқа келіп, шама-шарқымызша бір биіктерге көтерілгенімізбен, көңілдің терең түкпірінде біздің осы ғұмырымызға бастау болған, жақсы жол сілтеген, бір жағынан сыртымыздан сынай қарап отыратын асыл әке бейнесі сақталып тұрғаны жасырын емес. Өмір болған соң кейде алдыңнан қиындықтар кезігеді, енді бірде өзіңді тығырыққа тірелгендей күй кешесің. Сондайда тағы да сол бір теңдесі жоқ тұлға, асыл жан ойыңа оралады. Іштей кеңесесің, сырласасың. ...

Жалғасы »

«Ақтөбе» футбол клубы ардагерлер кеңесі бұрын істі болған азаматтың жұмыстан кетуін талап етті

27  желтоқсан күні  «Қобыланды батыр» атындағы стадионның конференция залында  спорт саласына еңбегі сіңген ақсақалдар  «Ақтөбе»футбол клубы басқарма төрағасы Артур Смағұлов, облыстық  спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаровпен кездесті.  Ардагерлер кеңесі үшін футбол клубының бұрынғы басшысы Смат Смақовтың  орынбасары Данияр Шадыевтың бұрын істі болған азамат болғандығы туралы жаңалық төбелерінен жай түскендей болған. «Мұндай бассыздыққа  қарап отыра алмаймыз», — деген бір топ белсенді азаматтар спорт басқармасының ...

Жалғасы »

Ақтөбеде Antıkor ortalyǵy ашылды

Кеше Ақтөбеге екі күндік жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев келді. Аймаққа жасаған сапары аясында агенттік төрағасы мен облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанында орналасқан Antıkor ortalyǵy сервистік ғимаратының салтанатты ашылуына қатысты. Сондай-ақ бұл шараға «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, жобалық кеңсе қызметкерлері, ...

Жалғасы »

Дарынды балалардың қуанышы  

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің дарынды балаларға арналған жаңажылдық шыршасы өтті. Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылған шараға облыстағы 230 бала қатысты. Олардың барлығы да білім, спорт, шығармашылық саласында жетістіктерге жеткен оқушылар. Кең де жарық залдың іші әсем безендіріліпті. Әппақ мамықтай ұлпа қарға оранған атырапта ертегі кейіпкерлерінің бәрі жүр. Бәрінің көңілдері шат, жанарларынан нұр төгіледі, езулеріне күлкі үйіріледі. Олардың бәрі әдемі безендірілген ...

Жалғасы »

Екі жүз оқушының ертеңгілігі

Жекпе-жек сарайында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен «Біз — еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңажылдық ертеңгілік өтті. Дәлізде қала оқушыларының қолынан шыққан дүниелерден қыс мезгіліне арналған көрме ұйымдастырылыпты, кішкентай шеберлер эко-бұйымдарға басымдық беріпті, көздің жауын алады. Ал шырша орнатылған зал мерекеге сай безендірілген, адамға жаңажылдық көңіл күй сыйлайды. Қызылды-жасылды жылтырақтар тағынып, бар киімдерін киіп келген балалар Аяз ата мен Ақшақармен бірге ...

Жалғасы »

Басқарма басшысы тағайындалды

 Сейсенбі күні өткен аппарат жиналысында өңір басшысы Оңдасын Оразалин облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысын тағайындалды. Бұл қызметті енді облыстық ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Бұлбұл Елеусінова атқарады. Кеше облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов аталған басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырды: — Бұлбұл Ораққызы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен Қазақ-орыс халықаралық университетін мұғалім және заңгер ...

Жалғасы »

Әділдік, парасаттылық және сенімге негізделген қоғам құру 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Ақтөбе облысына жасаған сапарында «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» атты жемқорлыққа қарсы халықаралық форумға қатысты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен форум жемқорлыққа қарсы халықаралық күнге арналған. Бұл шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Қазақстан, Польша, Ресей, Түркия, Корея, Қытай елдерінің жоғары оқу орындарынан келген өкілдер, жергілікті Жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылар, ...

Жалғасы »

Офтальмологиялық орталықты аралады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығын аралады. «Дару» оңалту орталығының директоры Ғалымжан Елеуов орталықтың мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл жерде  стационарлық ем алу үшін 60 кереуеттік орын жасақталған. Орталық заман талабына сай шетелдік құралдармен жабдықталған. Қажетті  медициналық аппараттар Америка, Германия, Жапония елдерінен әкелінген. Мамандар шетелде оқып, тәжірибе жинаған.  Балалар мен ...

Жалғасы »