Daily Archives: 8 Қазан 2019

Облыс әкімі тұрғындарды қабылдады

Сейсенбі, 8 қазан күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыс әкімдігі және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында аймақ тұрғындарымен кезекті қабылдауын өткізді. Жеке мәселелерімен келген облыс тұрғындары аймақ басшысына өз өтініштерін жеткізді. Өңір тұрғындары еңбек қатынастары, денсаулық сақтау, емделу, кәсіпкерлікті қолдау, жер, тұрғын үй мәселелерін көтерді. Атап өтсек, облыс әкімдігігінде 8 адамды 6 мәселе бойынша қабылдады. Ал «Нұр Отан» партиясы ...

Жалғасы »

Дариға НАЗАРБАЕВА, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы: Шекара мәселесін дипломатиялық тұрғыда шешуіміз керек

Облысқа іссапары кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жергілікті депутаттармен кездесті. Облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлованың төрағалығымен өткен кездесуге облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед, Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбеков, Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Мұхтар ...

Жалғасы »

Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Кеше облыс әкімдігінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Бағлан Баймағамбетов қоғамдық кеңес 2016 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқанын, биылғы жылдың ақпан айында кеңес құрамы қайта өзгергенін айта келе, бүгінгі күні кеңес мүшелері тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, әртүрлі қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене атсалысатынын жеткізді. Жиында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға ...

Жалғасы »

Табысқа қарамастан мемлекеттік жәрдемақы беріледі

Көпбалалы отбасылар балаларына ата-аналарының табысына қарамастан, мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. Оның атап өтуінше, министрлік атаулы әлеуметтік көмекті берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі. Басты бағыт — еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету. «Ұсынылған шаралар кешенді түрде ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктердің 80,4 пайызы тегін медициналық көмек алады

Жаңа жүйе Ақтөбе медициналық орталығында  «Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің V съезі өтті. Жиынға ҚР Денсаулық сақтау Вице-министрі Қамалжан Надыров, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерік Байжүнісов қатысты. Съезде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жаңа үлгісін енгізу, дәрігерлердің еңбекақысын көтеру, төлеу, лицензиялау және сертификаттауға көшу туралы мәселелер талқыланды. Мәселен, қазіргі таңда біздің облыста халықты ақпараттандыру және медицина ...

Жалғасы »

«Жеңіс» саябағы жаңарды

Облыс орталығының Тұрғындар қалашығындағы «Жеңіс» саябағы жаңарған күйге еніп, бұрынғыдан да сәулеттене түсті. Бұл игі шараны Ақтөбе қаласының 150 жылдығы құрметіне мұғалжарлықтар атқарып, шаһар тұрғындары үшін осындай сый жасады. Саябақтағы Ұлы Отан соғысының батырларына ескерткіш ретінде сквер ашылуы салтанатына Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Нұрбол Ержанов қатысты. Сквердегі жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылуына аудан әкімдігі ұйытқы ...

Жалғасы »

Ауылдың алаңы — табиғаттың тазалығы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын насихаттау жұмыстары  жалғасуда. Төрт-бес  адамнан құралған ақпараттық-насихат тобы Шалқар ауданына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Олардың ішінде еңбек ардагерлері, жоғары оқу орнының ұстаздары және басқарма басшылары бар. Сонымен қатар Шалқар ауданының мәслихат хатшысы Сқақ Бигеев пен бірқатар бөлім басшылары бірге жүрді. Алдымен Бершүгір ауылдық округінде болған топ ауылдың ахуалымен танысты. 450 отбасы бар округте 2200 тұрғын бар. ...

Жалғасы »

 «Қайырымдылық керуеніне» қатысыңыз!

«Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы биыл да жалғасын тапты. Ұйымдастырушылар — ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Хабар» агенттігі мен «КТК» телеарнасы, сондай-ақ «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені. Биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған байқаудың негізгі мақсаты — ізгілікті насихаттап, қайырымдылық идеяларын дәріптеу. Байқау 5 түрлі номинациядан тұрады: «Асар», «Туған жер», «Мейірім жолында», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы».    Байқауға ...

Жалғасы »

Үкіметтік емес ұйымдардың үлесі

«Ақтөбе облыстық Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған жобалар мен идеялар жәрмеңкесі қорытындыланды. Бұл шараға облыстық ішкі саясат басқармасының маманы Нұржамал Тұржанова, аталған қауымдастық президенті Айгүл Дүйсенова, бүгінгі күні белсенді жұмыс істеп келе жатқан үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері қатысты. — Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы өзінің Жолдауында азаматтық қоғамды дамыту қажеттігін, осы мақсатта үкіметтік ...

Жалғасы »

Батырлар мекенінің 90 жылдық тойы

Өткен аптада Қобда ауданының іргесі қаланғанына 90 жыл толуы салтанатты түрде аталып өтті. 1929 жылы шілде айында құрылған елдік пен ерліктің мекені — Қобда ауданында бүгінде 20 мыңға жуық халық тұрады.  14,2 мың шаршы шақырымды алып жатқан киелі өлкенің өткен тарихы қаншалықты бай болса, болашағы соншалықты жарқын. Қобдадағы 31 елді мекеннің 11-і Ақтөбе агломерациясы аймағына кіреді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ...

Жалғасы »