Daily Archives: 11 Шілде 2019

Облыс әкімі Арысқа барды

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Арыс қаласында болды. Ол Ақтөбе өңіріне бекітілген 12-секторда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Онда 765 тұрғын үй, 5 әлеуметтік нысан енгізілген. Бүгінде 765 үйдің барлығы зерттеліп, тексеруден өткен. Бүлінген 472 тұрғын үйге ақаулық актісі жасалды. Оңдасын Оразалин өзінің бірінші орынбасары Рахат Сыдықовқа осы жұмыстардың қарқынды әрі сапалы жүруіне қатысты бірнеше тапсырмалар жүктеді. ...

Жалғасы »

Ақтөбе Түркістанға театр тарту етпек

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин кеше Түркістан облысына жасаған іссапары барысында Түркістан қаласының облыс орталығы болып құрылуына байланысты Ақтөбе өңірінің тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылыс жұмысымен танысты. Аталған нысан Түркістан мен Ақтөбе облыстарының бірігіп қаржыландыруымен жүзеге асуда. 4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Бой көтеріп жатқан мәдени ошақ заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынуда. ...

Жалғасы »

Тоқтап тұрған жобалар жан-жақты зерттелуі қажет

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдерімен кездесті. Өзен арналарын бекіту, кеңейту мәселелері жөнінде өткен отырысқа Экологиялық реттеу және  бақылау комитетінің төрағасы Ахметжан Пірімқұлов,  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің  төрағасы Қайыр Рыскелдинов, Су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мұрат Бейсенов және  облыс әкімдігінің өкілдері, Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин қатысты. Жиын барысында арнайы  құрылған ...

Жалғасы »

Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин  ҚР Парламенті Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитеттінің төрағасы Глеб Щегельский, осы комитеттің  мүшесі  Ольга Шишигина, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері  Абай Тасболатов, Бақытқожа Ізмұхамбетов және Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дания Еспаева сынды  бірқатар халық қалаулыларымен кездесті деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Қонақтардың Ақтөбеге келудегі мақсаты — Президент тапсырмаларының орындалу ...

Жалғасы »

Облыстық музейде жаңа залдар ашылды

Сәрсенбі күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде бірнеше тақырыптық залдар ашылды. Енді облыс тұрғындары мен қонақтары жаңадан ашылған залдар арқылы өлкенің ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихымен таныса алады. 2018 жылы 14 қарашада Тұңғыш Президент көрмесінің келуімен қатар ашылған музейде бүгінгі күнге дейін Көрме залы, «Табиғат», «Қазақ хандығы», «Археология» және «Құнды және сирек экспонаттар залы» секілді бірнеше залдар жұмыс жасап ...

Жалғасы »

Мамандандырылған орталықтар қалыпты қызмет көрсетуде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптарға сай, қалыпты тәртіпте көрсетіліп жатқанын хабарлайды. Бүгінде қызмет алушылардың көптігі Алматы қаласындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көліктерді алып-сататындардың көптігі мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөліктерін сонда қайта рәсімдеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға баратынымен байланысты. ҚР ІІМ 1 ...

Жалғасы »

Депутаттар кәріз су тазалау кешеніне барды

Сейсенбі күні Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Глеб Щегельский, Абай Тасболатов және Дәния Есбаева «Ақбұлақ» АҚ кәріз су тазалау кешені мен тұрмыстық қалдықтар полигонына барды.      Алдымен мәжіліс депутаттары қаладан 7 шақырым қашықтықта орналасқан «Ақбұлақ» АҚ кәріз су тазалау кешеніне барып, оның жұмысымен танысты. 1981 жылы салынған кешеннің ғимараттары мен құрылғылары ескірген. Бүгінде кешеннің ...

Жалғасы »

Жоба қайта жалғаса ма?

Қоғамда екіұдай пікір туғызған Ақтөбе қаласындағы өзендер арнасын кеңейту, тазарту мен тереңдету жұмыстары туралы мәселе тағы көтерілді. Осы мәселеге қатысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен  екі апта бұрын құрылған комиссия қалалық әкімдікте жиналды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу мен бақылау комитетінің төрағасы Ахметжан Пірімқұловтың төрағалығымен өткен «Ақтөбе қаласындағы өзендер арнасын кеңейту, тазарту мен тереңдету жұмыстарының барысы туралы» ...

Жалғасы »

Нұр-Сұлтан — менің Елордам!

6 шілде — Елорда күнінде Ақтөбе қаласындағы бірқатар саябақтар мен ойын-сауық алаңдарында мерекелік шаралар өтті. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта өткен «Елорда — айбынды ақ ордам» атты салтанатты шарада шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп, бір топ ақтөбелік марапатталды. Мерекелік шара «Әлия гүлі» халықтық би ансамблінің «Тойбастар» биімен басталды. Бұдан кейін шарада Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «Осы өлең жолдары ...

Жалғасы »

«Baqytty bala» фестивалі өтіп жатыр

Өнер Ақтөбеде облыс мәдениетінің брендіне айналған «Baqytty bala» ІІ ашық балалар вокалдық фестиваль-конкурсы өтіп жатыр. Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан шараға әлемнің 9 елінен келген жас өнерпаздар қатысуда. Украина, Ресей, Белорусь, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Грекия, Канада, Молдова елдерінен келген өнерпаздардан 500-ден астам өтінім қабылдаған фестивальдің ақтық сынына 20 үміткер жіберілетін болады. Олар Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған кең ...

Жалғасы »