Басты бет » Әлеумет (page 252)

Әлеумет

Кінәлі кім?

Алға ауданы Қарақұдық ауылының әкімі Талғат Сұлтановтың үстінен құзырлы органдарға арыз түсті. Арыз иесі – клуб меңгерушісі Күнсұлу Асқарова. «Ауыл басшысы қызметіне лайық жұмыс жасап жатқан жоқ. Әкімнің кесірінен біраз адам жұмыстан шықты». Арыз мазмұны осындай. Осыған байланысты біз жақында Алға ауданына қарасты Қарақұдық ауылына барған едік. Сонымен… Сұлтанов Елбасы тапсырмасын орындамайды?! Күнсұлу Асқарова: –  Жиынға қатысып отырған адамдардың бәрі, ...

Жалғасы »

Жаназа пәтуасы

Редакциямызға республикамыздың түрлі жерлерінен жаназа мәселесін шариғатқа сай етіп бір ізге түсіру және оны газетке жариялау жайлы хаттар түсуде. Осыған байланысты біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына хабарласып, ҚМДБ-ның Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары амал ететін Ханафи мәзһабына сай дайындаған пәтуасын көпшілік сұрауымен газетке бергенді жөн көрдік. Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим Жаназа үкімдері қасиетті Құран Кәрім, Имам әл-Бұхаридің “Сахих әл-Бұхари” – “Әл-Бұхаридің сахихы”, Имам ...

Жалғасы »

Боздақтарды еске алды

Саяси  қуғын-сүргінге ұшыраған жазықсыз жандардың бір бөлегі Ақтөбе қаласы сыртындағы Түйетөбеде  атылған. Атқаннан кейін ысыра салатын табиғи терең шұңқыры, жыра-жықпылы көп, мола қазып әуре болмайтын әрі оңаша осы жерді жендеттер әдейі таңдағанға ұқсайды. Мұнда  қанша адамның сүйегі жатқанын да нақты ешкім білмейді. Әйтеуір, қисапсыз көп адам, сан ұлттың өкілі жатырғаны анық. Жазықсыз атылған жандардың ортақ моласына айналған орын кеңес кезінде ...

Жалғасы »

Жақсының сөзі – жария

Қай кезде де қоғамның қозғаушысы ретінде қаламгерлер қауымы биік деңгейден көрінеді. Негізінде мемлекеттік қайраткер ретінде танылып, Республика Премьер-Министрінің орынбасары, Президенттің кеңесшісі және жоғары мәртебелі елші секілді биік лауазымдарға дейін көтерілгенмен, өзінің бастапқы қаламгерлік қалпынан танбаған, қолынан қаламы түспеген ғалым-әдебиетші Мырзатай Жолдасбеков бүгінде Президент жанындағы ұлттық-мәдени орталықты басқарады. Астанадан келген қонаққа жүздесуде сөз берер алдында облыс әкімі Елеусін Сағындықов Мырзатай Жолдасбековтің ...

Жалғасы »

Жол картасы жұмыссыз қалдырмайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» атты Жолдауында ел азаматтарының жұмыссыз қалмауы үшін Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Президент тапсырмасына орай Үкімет қаулы қабылдап, жоспар бекітті. «Жол картасы» деп аталатын жоспарды жүзеге асыру негізінде Үкіметтен бөлінген 140 миллиард теңгенің 11 миллиард 754 миллион теңгесі облыстың үлесіне тиді. Қазіргі күні бірқатар бағыттарға жұмсалатын бұл ...

Жалғасы »

Бұқара

Отбасы Жезденің жақсысы әкедей Қазақ халқы жетімін жылатпаған, қартын жалғыз тастамаған. Ауылымыздағы қарапайым отбасылардың бірі – Мұратхан мен Айша Тәжібековтерді осындай игілікті ісімен үлгі еткім келеді. Мұратхан 1995 жылы ата-анасынан айрылған екі бірдей балдызы – сол кезде үш жастағы Қызғалдақ Бисалина мен оның інісі екі жастағы Жәнібек Бисалинді өз қолына алып, бауырына басты. Өздерінің үш баласымен бірдей тәрбиелеп, бағып, үлкен ...

Жалғасы »

«Көзқарас» – пікірлер тоғысы

Біз көретін хабарлар Әр жексенбі күні кешкі сағат 20.00-де «Қазақстан – Ақтөбе» телеарнасында эфирге шығатын «Көзқарас» бағдарламасы – облыстағы қазақ тілінде көрсетілетін жалғыз ток-шоу. «Көзқарас» бағдарламасын ақтөбелік көрермен бір жылдан астам уақыт бойы тамашалап келеді. Осы аралықта қоғамдағы өзекті мәселелер мен саяси тақырыптарды ортаға салып, сан түрлі пікірлерді тоғыстырған ток-шоудың көрермендері күн өткен сайын көбейіп келеді. Көрермендер редакцияға қоңырау шалып, ...

Жалғасы »

«Бауырластар» елді мекені – басты назарда

«Бауырластар-1 және 2» массивінің тұрғындары таяу уақытта елеулі өзгерістерді күтуде. Бұл туралы және жалпы даму перспективалары туралы қала әкімі А.Мұхамбетов құрылысшылармен кездесу кезінде айтып берді. Бұл тұрғын массив Ақтөбе қаласы Сазды селолық округінің аумағында орналасқан. «Бауырластар-1, 2», «Сазды-2» тұрғын массивтерінен негізінен тарихи Отанына көшіп келген оралмандар үшін соңғы бірнеше жыл ішінде жеке тұрғын үй құрылысына арнап 1070 жер учаскесі бөлінген ...

Жалғасы »

Қымбатты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті ақтөбеліктер! Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 45-жылдың мамыры жылыстап бізден алыстап барады, бірақ халықтың ұлы ерлігінің маңызы төмендемек емес. Біз бүгін ардагерлерімізге шексіз алғысымызды білдіріп, бас иеміз. Олар соншама адам шығыны, төгілген қан мен көрген азаптары арқылы рухтың қайыспас күшін танытты, жеңілген жаудың үстінен Жеңіс туын желбіретті. Бұл жеңімпаз ұрпақтың даңқты ерлігі болды және жоғары әскери ерен ...

Жалғасы »

Құрметті Отан қорғаушылар!

Құрметті Отан қорғаушылар! Қымбатты ақтөбеліктер! Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады. Жерлес жау жүрек жауынгерлеріміз бен сайыпқыран сарбаздарымыз да әуеде, жерде, теңізде ел тыныштығын міз бақпай, кірпік қақпай ...

Жалғасы »