Басты бет » Спорт (page 108)

Спорт

6 команда алаңға шықты

Өткен аптада «Мұнайшы» стадионында Ақтөбе гуманитарлық-техникалық әмбебап мультипрофильді колледжінің оқытушылар құрама командасы мен колледж оқушылары арасында футболдан жарыс өтті. Жарысқа колледжден 6 команда қатысты. Әсіресе, «Құқықтану», «Банк ісі», «Есептеу техникасы мен автоматты жүйелерді программамен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша оқитын оқушылар белсенді болды. Әр команда ойыншылары футболды мейлінше қыздырды, жақсы ойын ұсынды. Ерекше көзге түскен Нұрсұлтан Қозыбаев, Азамат Төребеков, Асланбек Ідірісов, ...

Жалғасы »

Жеңілістен кейінгі жеңіс

Футбол Өткен жұмада «Ақтөбе» футбол командасы Астананың «Локомотивін» қабылдады. Жергілікті жанкүйерлер жерлестерінен тек жеңіс күткен еді. Өкінішке қарай, жеңіліп қалдық. Төреші ысқырығы естілгеннен ақтөбеліктер алға ұмтылды. Ойынның екінші минутында Константин Головскойдың алыстан ұрған добы қарсыластар қақпасының маңдайшасынан қайтты. Араға екі минут салып Юрий Логвиненко шабуыл ұйымдастырды. Юраның берген добын Марат Хайруллин Евгений Аверченкоға асырды. Алайда, Женяның ұрған добын қақпашы Давид ...

Жалғасы »

«Восток» босқа келіпті…

Футбол Қазақстан ұлттық құрамасының екі ойыншысы бар Өскеменнің «Восток» командасы Ақтөбеден құрқол аттанды. Маңызды ойынға қонақтар тәуір құраммен келді. Бірақ, жеме-жемде ақтөбеліктердің толассыз шабуылына төтеп бере алмады. Алаңның орта тұсы арқылы өскемендіктердің қақпасына өту қиын болды. Себебі, олар бұл тұсты күнілгері ескеріп, берік қорғаныс орнатып қойған болатын. Сондықтан да, алаң иелері негізінен екі қапталдан шабуылға көшті. Бірнеше ұрымтал сәттер нәтижесіз ...

Жалғасы »

Миланнан масқара болып қайттық…

Сенбі күні бокстан  әлем чемпионатының жалауы түсірілді. Аппенин түбегінде өткен сайыстан еліміздің былғары қолғап шеберлері жалғыз-ақ қола медальмен оралды. Енді ғана тәуелсіз ел атанып, етек-жеңімізді жинай алмай жатқан кезде әлемдік чемпионаттан дәл осылай жалғыз қола медальмен оралғанымыз бар. Ол кезде оның өзі жетістік саналған еді. Ал соңғы 12-13 жылдың көлемінде Қазақстан құрамасы мұндай масқараға ұшыраған емес. Кез келген дүбірлі жарыстың ...

Жалғасы »

«Ақтөбе-96» – чемпион!

Қазақстан премьер-лига клубтарының 1996 жылы туған ізбасарлары арасындағы ел біріншілігінде ақтөбелік футболшылар чемпион атанды. Ағайынды Игорь және Андрей Прохницкийлер жаттықтыратын жасөспірімдер үшін жеңіс оңайлықпен келмеді. Шымкент қаласында өткен бірінші тур ойындарын сәтті аяқтаған жерлестеріміз екінші турда да суырылып алға шықты. Жақында Тараз қаласында өткен үшінші ақтық турда біздің балғын футболшылар Сәтбаев қаласының «Қазақмыс» және Павлодардың «Ертіс» командаларын 3:2 есебімен жеңді. ...

Жалғасы »

Тоғызқұмалақшылар тегеуріні

Конституция күнінде Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда тоғызқұмалақтан ақ тарыны өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған Шығанақ Берсеев атындағы республикалық турнир өтті. Қызылорда, Орал, Атырау облыстарынан және өзіміздің облыстың аудандары мен Ақтөбе қаласынан барлығы 75 ойыншы қатысты. Жеті кезең бойы ойынның көрігін қыздырған тоғызқұмалақшылар жарысы бес күн бойы өтті. Турнирдің жабылу рәсімінде спорттың санаткерлік түрлері жөніндегі облыстық спорт мектебінің тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы ...

Жалғасы »

«Қош, Еуропа!» –

Футбол десек те, жанкүйерлер ризашылықпен тарады Еуропа Лигасының 4-раундының алғашқы ойынын Германияның Бремен қаласында «Вердермен» өткізген «Ақтөбе» командасы 3:6 есебімен жеңілсе де, сырт алаңда үш гол соғып, Еуропа жұртшылығының назарын аударған болатын. Өйткені «Вердер» осал команда емес, еуропалық клубтар арасында рейтинг бойынша алдыңғы ондықтың сапында. Ақтөбедегі кездесу 27 тамызда Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтті. Стадион басшылығы билет бағасын 2 ...

Жалғасы »

«Ақтөбе» тағы да көш бастады

Еуропа Лигасының матчтарына қатысуына байланысты «Ақтөбе» басқа командаларға қарағанда 3-4 ойынды кем өткізген болатын. Соған қарамастан, теориялық есеп бойынша көш тізгіні бізде еді. 31 тамызда Көкшетауда ел біріншілігінің кезекті турында ақтөбеліктер жергілікті «Оқжетпесті» 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Спорттың қай түрінде де «қолайсыз» қарсыластар болады. «Ақтөбе» үшін «Оқжетпес» сондай қиын команда саналатын. Еуропаның алаңын шаңдатқан жерлестеріміз осылайша «Оқжетпестің» «шаңын» қағып алды. ...

Жалғасы »

«Бремен музыканттары» қандай ән шырқайды?

Еуропа Лигасы Бүгін «Ақтөбе» футболшылары немістің жасыл алаңының шөбін жапырғалы отыр. Жерлестеріміздің Исландия мен Израильдағы жігерлі қимылдары тағы да қайталанатындығына сенгіміз келеді. Енді «Вердерге» келейік. Германияның төрт дүркін чемпионы: 1965, 1988, 1993, 2004. Германия чемпионатының сегіз дүркін күміс жүлдегері: 1968, 1983, 1985, 1986, 1995, 2006, 2008. Германия чемпионатының төрт дүркін қола жүлдегері: 1989, 1991, 2005, 2007. Германия Кубогының алты дүркін ...

Жалғасы »

МЕРЕКЕ ЖӘНЕ МАРАПАТ

Спорт күні мерекесінде орталық мәдениет және демалыс саябағында бір топ спортшы марапатталды. Сонымен қатар жаттықтырушылар, спорт мекемелерінің басшылары мен журналистер де сыйлықтан құр қалған жоқ. Спортшыларды төл мерекелерімен облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова құттықтап,  оларға жеңіс тұғырына көтеріле берулеріне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар Сара Қайыржанқызы облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың атынан белсенді  спортшыларға Алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыс етті. Олардың ...

Жалғасы »