Басты бет » Спорт (page 105)

Спорт

Серікбол — Азия чемпионы!

Жуырда Таиланд астанасы — Бангкок қаласында дзю-до күресінен жастар арасындағы ХІ Азия чемпионаты өтті. Азия біріншілігінде қазақстандық жас дзю-дошылар 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалап, ресми емес жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иемденді. Азия чемпионы атанғандар арасында ақтөбелік Серікбол Нұралин де бар. Серікбол 73 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, ақтық сында моңғол балуанын жықты. Жеке жаттықтырушысы — ...

Жалғасы »

Колледждің қуанышы

Наурыз Ақтөбе политехникалық колледжінің ұжымы үшін ерекше сыйын ала келді. Биылғы оқу жылында құрылысы басталған жаңа спорт залының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Жаңадан ашылған спорт залының жалпы аумағы 720 шаршы метрді алып жатыр. Соңғы үлгідегі спорттық жабдықтармен түгел қамтылған. Киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлме, спорт бұйымдарын қоятын бөлме, дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары отыратын бөлме, бәрі бар. Жаңа спорт залының ...

Жалғасы »

Ұлттық спорт — елдігіміздің белгісі

Халқымыздың күштілікті, ептілікті, зеректілікті, зерделілікті қажет ететін ұлттық ойындары аз емес. Ұлттық ойындарымыз негізінен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс шаруашылығына, ұлттық ерекшелігіне, табиғи орналасу жағдайына байланысты болып келеді. Сондықтан да ұлттық ойындарымызда еңбекке баулу, жаугершілікте елді қорғау, аңшылық көріністері байқалады, ширықтыру, шынықтыру, ақылға салу секілді мәнге ие. Жалпы, тек қазақ қана емес, қай халықтың да ұлттық ойындарында сол ұлтқа тән мәдениет пен ...

Жалғасы »

Суперкубок тағы да «Ақтөбеде»!

Өткен жылғы чемпион «Ақтөбе» мен Кубок иесі Атыраудың «Атырау» командалары Суперкубокты сарапқа салды. Үлкен жүлде үшін кездесу 14 наурызда Астанадағы «Астана-Арена» стадионында өтті. Ойын атыраулықтардың шабуылымен басталды. Грузиялық легионер Георгий Пейкрешвили алғашқы минуттарда-ақ біздің қақпаға қауіп төндірді. Ал Владимир Седельников біздің Андрей Сидельниковтің мазасын алды. Дегенмен, жиырма минуттай алаңды бағдарлап алған ақтөбеліктер допты да, қарсыластарды да өздеріне бағындыра бастады. Дүркін-дүркін ...

Жалғасы »

Бір алтын, жеті қола

Қазіргі кезде биялайды киіп ап, жұдырықты түйіп ап, шаршы алаңды шаңдатқан қыздарды көру жаңалық емес. Әйелдер арасындағы бокстың дамуы олимпиадалық ойындар бағдарламасына әйелдер командасы қатысуы міндеттелгеннен кейін тіпті қарқын ала түсті. Спорттың бұл түрінен ақтөбелік қыздар да республикалық деңгейдегі жарыстарды бағындыра бастады. Жақында Қызылорда қаласында бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өткен болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен 157 боксшы қатысқан ел біріншілігінде жерлестеріміз ...

Жалғасы »

Жаңа маусым наурызда ашылады

Футболдан Қазақстанның ХІХ чемпионатының жалауы биыл 22 наурызда көтеріледі. Бұл күні жерлестеріміз «Атырау» командасын қабылдайды. Айта кету керек, ақтөбеліктер мен атыраулықтар оған дейін 15 наурызда Астанада еліміздің Супер-Кубогын сарапқа салады. Биылғы футбол маусымының басты жаңалығы — Премьер-лигада 12 команда ғана ойнайтын болады. Өткен жылы біріншілікті 11-орынмен аяқтаған Көкшетаудың «Оқжетпесі» Премьер-лигадағы бір орын үшін Оралдың «Восток» командасымен кездесіп, 2:3 есебімен ұтылып ...

Жалғасы »

Алтынмен пара-пар күміс

Қазақстандықтардың қуанышына айналды Төрт жылда бір келетін қысқы олимпиадалық ойындар да аяқталды. Соңғы он екі жылда бірде-бір медальға қол жеткізе алмаған қазақстандықтар бұл олимпиадаға баптан бұрын бақ сынауға барғаны анық еді. Мұны еліміздің спорт мамандары да мойындаған болатын. Әрине, мүлдем үмітсіз болдық деуден де аулақпыз. Өйткені кім де болса жеңіске талпынатыны белгілі. Олимпиадаға қатысқан қазақстандық 38 спортшының жүрегінің түкпірінде жүлдеге ...

Жалғасы »

Қандыағашта Азия чемпионы тұрады

Ол Азия чемпионы болады деген ой ешкімнің де қаперінде болған емес. Алғаш рет шетелге намысын ту етіп бара жатқан он төрт жастағы қыз баланың жеңетініне сенбегендіктен болар, жол пұлын көтеру міндетін бөлісуге тілек білдіргендер аз еді. Сондықтан Жарқын Абдуллина 2007 жылы Үндістанда өткен Азия чемпионатына Ақтөбе облысынан жалғыз аттанды. Оның жаттықтырушысы Сергей Ведющкин қолдың қысқалығына байланысты шәкіртін оралдық әріптестеріне ертіп ...

Жалғасы »

Кикбоксшы қыз

Кикбокс — спорттың жас әрі қиын түрі. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-та пайда болған. Аталған спорт түрі елімізге тоқсаныншы жылдардан кейін ене бастады. Бұрын бокспен шұғылданып жүрген спортшылардың бірқатары кикбоксқа ден қойды. Қазір осы спорт түрінен еліміздің даңқын арттырып, жеңіс тұғырына көтеріліп жүрген жастар көп. Алайда қыздар арасында кикбокспен айналысатындардың қатары сирек. Ал 24 жастағы ақтөбелік Арай Омарованың аталған спорт ...

Жалғасы »

«Бізде Галибтің ерлігін қайталай алатын жастар бар»

Жуырда Ақтөбе қаласында бокстан 2003 жылғы әлем чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Галиб Жафаров жүлдесіне арналған халықаралық турнир өткенін оқырмандарымыз біледі. Төрт елдің жас боксшылары күш сынасып; қазақ боксы тарихының даңқты беттері боп табылатын Сидней Олимпиадасына еліміздің құрамасын әзірлеп апарған Тұрсынғали Еділов;  сондай-ақ Нұржан Кәрімжанов, Руслан Мусинов, Азамат Бекетов сынды белгілі боксшылар қонақ боп қатысқан бұл шара — ...

Жалғасы »