Басты бет » Білім (page 68)

Білім

«Арыстан» шақырады

«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Арыстан» лицейін ашты Қазір елімізде әскерге баратын жастағы балаларды есепке алу, денсаулығын тексеру секілді жыл сайынғы дәстүрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жылдың бір ерекшелігі бар — биыл оқушылар жаңадан ашылған республикалық «Арыстан» лицейінде оқи алады. «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қорының» қолдауымен ашылған «Арыстан» лицейінде білімді, денсаулығы жақсы, әрі дарынды балалар оқитын болады. Ақтөбе облыстық қорғаныс ...

Жалғасы »

Балдырған

Биылғы жыл құсы Қазақстан биоалуандық сақтау қауымдастығы мен республикалық құстарды қорғау одағы биылғы Барыс жылының құсы қылып жұдырықтай қараторғайды белгіледі. Бұл дәстүр тек Қазақстанда ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Украина, Жаңа Зеландия, Эстония секілді елдерде де бар игі салт. Әр ел өз жыл құсын белгілейді. Мысалы, 2001 жылы Ресейде қараторғай Жыл құсы атанған екен. Қазақстанда қараторғайдың үш түрі мекендейді: қарапайым ...

Жалғасы »

Біліктілік көтеру — кәсіби міндет

Өткен аптада Бөгетсай орта мектебінде «Біліктілік көтеру — кәсіби міндет» тақырыбында мұғалімдердің Хромтау аудандық фестивалі өтті. Фестивальға Бөгетсай, Сәтпаев, Тасөткел, Аққұдық, Құдықсай, Ойсылқара орта мектептерінің мұғалімдері қатысты. Бір топ мұғалімді Хромтау аудандық білім бөлімінің әдіскерлері З.Ташиғұлова, Б.Тәңірбергенова мен Г.Жолмағанбетовалар бастап келді. Әр мектептің мұғалімдері 12, 13-санатқа біліктіліктерін көтеру мақсатында қазіргі жаңа технологиялар арқылы сабақ беріп, шығармашылық жұмыстарын қорғады. Мәселен, бір ...

Жалғасы »

Көп тақырып қамтылды

Ембі қаласындағы №2 орта мектепте «Жалпы адамзаттық құндылық – тәрбие негізі» деген атпен  сынып жетекшілерінің аудандық семинары өтіп, оған мектептер мен ауылдардан келген 55 мұғалім қатысты. Семинар жұмысы мұғалімдердің әр түрлі тақырыпта дайындаған баяндамаларымен басталды. Мысалы, «Сынып жетекшісінің портфолиосы – тәрбие жұмысын айқындайтын құжат» деген баяндаманы оқыған Қ. Көшербаева «портфолио» деген сөзге түсінік бере отырып, онда қандай құжаттар болу керектігі ...

Жалғасы »

Ұланың мүшәйрада топ жарды

Жақында Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Мұқағали — мәңгілік жыр» атты жыр мүшәйрасы өтті. Кешке ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағали, ұлы ақынның рухани қарындасы Фариза Оңғарсынова, ақын Күләш Ахметова қатысты. Жыр мүшәйрасында бұған дейін де республикалық Абай, Мұқағали оқуларының жеңімпазы боп жүрген М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 2008 жылғы ...

Жалғасы »

Балдырған

Атамды ардақтаймын Тарих — таразы. Жылдар жылжып өткен сайын ата-әкелер даңқын паш ететін естеліктер көбірек жазылуда. «Ат ауыздықпен су ішкен, ер етікпен су кешкен» шақтың суреттерін біз мектеп бағдарламасына енген шығармалар мен көркем әдебиеттерден оқып білеміз. От-жалынға оранған олар майдан даласында қас дұшпанмен шайқасып, қан төкті. Менің атам Қайырғали Нұрдәулетов те сол оқ пен оттың ортасынан оралған еді. Ол 1940 ...

Жалғасы »

ҰБТ-ға әзірлік талқыланды

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық, тестілеу сынағы қорытынды сараптамасы және облыста мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту. Кеше облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатованың төрағалық етуімен өткен кеңейтілген кеңесте осы мәселелер қаралып, жан-жақты талқыланды. Жиынға қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық білім басқармасының және қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысты. Биыл облыс бойынша 6495 оқушы мектеп бітіреді. Соның 5568-і қаңтар айында өткен тестілеу сынағына ...

Жалғасы »

Балабақша мерекесі

«Таңшолпан» мектепке дейінгі ұйымы бір жасқа толды. Балапандардың екінші үйіне айналған балабақшаның мерекесіне тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары түгел жиналды. Балабақша директоры Х.Тайбукенова жиналғандарды ортақ тоймен құттықтап, ұйымның бір жыл бұрынғы тірлігін, кездескен қиындықтар мен жеткен жетістіктер туралы әңгіме қозғады. Бүлдіршіндер би билеп, ән айтып, ата-аналарын қуантып, бір серпілтіп тастады. Балабақшаның тәлімгер тәрбиешісі Сәлима Сәндіғалиеваның мұнда қызы тәрбиеленіп жатыр екен. Әрі ...

Жалғасы »

Өзіңді тану — өзекті мәселе

Жақында қалалық ғылыми-әдістемелік орталығында «Білім беру мекемелеріне «Өзін-өзі тану» пәнінің енгізілуі: өзекті мәселелер мен оны шешу жолдары» деген тақырыпта оқыту семинары өтті. Мұғалімдер арасында өткен семинардың басты мақсаты — «Өзін-өзі тану» пәнінің пәндік ерекшелігін айқындау. «Өзін-өзі тану» пәні — оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, беделдік пен еркіндікке тәрбиелейді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2010-2011 жылғы оқу жылынан бастап, «Өзін-өзі тану» пәнін ...

Жалғасы »

Балдырған

Біліп жүр Ең, ең, ең… Ең сирек кездесетін құс — калифорния кондоры. Ең тыныш құс — ақбас орлан, АҚШ-тың ұлттық символы. Ең кішкентай құмырсқа қоректі — пұшық. Ең көп тараған жабайы мысық — сілеусін. Ең ірі қосмекенді — испан саламандрасы. Ең ірі кесіртке — Колодо аралындағы келес. Ең үлкен жылан — торлы питон. Ең үлкен мысық — амур жолбарысы. Ең ...

Жалғасы »