Басты бет » Басты жаңалықтар (page 292)

Басты жаңалықтар

«Мен лагерьде демалдым!»

Қазір бала біткен «жаз жайнатып, күн күлдіріп», алаңсыз асыр салып жүр. Олардың тыныштығы мен қауіпсіздігі — үлкендер назарында. Барлық құзырлы мекемелер лагерьлерді қадағалап, бақылауда ұстап отыр. Лагерь туралы мамандар мен балалар не дейді екен? Әлқисса… Облыстық білім басқармасының мәліметінше, осы жазда облыс бойынша 106127 бала лагерьде демалады. Оның 11 888-і — аз қамтылған отбасы балалары. Мысалы, тек бір ғана маусым айында ...

Жалғасы »

«Қазсат-2» ғарыш кеңістігінде

Шілденің 16-сында Қазақстан ғарышқа екінші жер серігін ұшырды.  Мамандар «ҚазСат-2» ғарыш кемесі сыр бермейді деп сендіреді.  Олай болса, еліміз көп ұзамай, арзан телекоммуникация жүйесін  пайдалану мүмкіндігіне ие болмақ. «ҚазСат-2» серігі  мен   американдық    «ОС-2»    ғарыш аппараты   орнатылған  «Протон-М»  зымыран тасымалдағышы «Байқоңырдан» 16 шілде күні  Астана уақыты  бойынша  таңғы сағат  5.16-да  ұшырылды. Сапардың 600-ші секундында  орбитальды  блок зымыран тасымалдағыштың  үшінші сатысынан штаттық режимде  ажырады. Хруничев атындағы   орталықтың ...

Жалғасы »

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке — Металлургтер күнімен құттықтаймын! Қай кезеңде болмасын металлургия саласы мемлекеттің қуатын арттыруда маңызды орын алып келген болса, бүгінде де еліміздің индустрия саласында қозғаушы күш болып табылады. Бұл сала қызметі ауыр әрі құрметті, ал осы маман иелері батылдық, жанқиярлық және жоғары кәсіби біліктілікті меңгерген қасиет иесі ретінде бейнеленеді. Соның жарқын бір дәлелі мартен пешінің қызуынан өмірлік бастауын алған  ...

Жалғасы »

Жыл ортасы: барды бағамдау және алдағы меже

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында аймақтың дамуының жартыжылдық кезеңінің қорытындылары шығарылып, алдағы міндеттер айқындалды. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов депутаттар алдында жасаған есепті баяндамасында күн тәртібіндегі мәселеге орай жан-жақты талдау жасап, өңірдегі бүгінгі күні қалыптасқан ахуалды көпшілік назарына ұсынды. — Елбасы Жарлығымен үстіміздегі жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы деп жарияланды. Осы бағыттағы шаралардың Жалпыұлттық жоспарын жүзеге асыруға инвесторлар, бизнес-қауымдастықтар, қазақстандықтар және барша ақтөбеліктер ...

Жалғасы »

Жүрек жылуы

Облыс әкімінің қабылдауы Облыс әкімінің кезекті қабылдауына келгендер арасында екі баланың анасы Татьяна Тамбовцеваның жүзі жарқын көрінді. Ол қасына он бір жасар ұлы Олегті ала кірді. Сәлемдескеннен кейін-ақ тебіреністі көңіл-күйін жасыра алмай: — Құрметті Елеусін Наурызбайұлы, біз өте қиын жағдайға душар болып, тұйықтан шығар жол таппай қиналғанда сіз ғана көмек көрсете алдыңыз. Бір рет емес, екінші жолы да қамқорлық жасадыңыз. ...

Жалғасы »

41-разъезд бен Лесное мекені — әкім назарында

Теміржол бойындағы 41-разъезд ауданында орналасқан Қобыланды батыр көшесіндегі жаңа құрылыстар тұрғындары Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесу белгіленген мерзімнен әлдеқайда ерте жиналды. Құрметті ақсақалдар, орта жастағы адамдар мен жастар Ақтөбе маңында орналасқан аудандардың қалай дамитындығы туралы қала басшысының өз аузынан естігісі келді. Соңғы жылдарда қарқынды жүргізілген жеке тұрғын үй құрылысы бұрынғы сауда-қоймасы аймағын біртіндеп қаланың тұрғын ауданына айналдыруда. Архимед Мұхамбетов ...

Жалғасы »

Шұбарши мен кеңқияқ. Оқиғадан соң…

Қазір облыс жұртшылығының назары Темір ауданындағы Шұбарши мен Кеңқияқ ауылдарына ауып отырғаны хақ. Бүкіл жұртты дүрліктірген оқиғаның аяқталғандығы жөнінде өткен нөмірімізде хабарлағанбыз. Іле-шала оқиға орнына барып, ондағы жұртшылықпен жүздескен едік. Қазір мұнда құқық қорғау органдарының өкілдері һәм арнайы жасақ жауынгерлері елдің тыныштығын сақтап, оқиғаның салдарын тексерумен айналысып жатыр. Темір ауданының басшылығы да түгелдей осында. Біз Темір ауданы әкімінің орынбасары Нұржауған ...

Жалғасы »

Кеденнен кедергісіз өтеміз бе?

1 шілдеден бастап Қазақстан, Беларусь, Ресей мемлекеттері арасындағы Кедендік одақтың жұмысы толығымен іске қосылды. Ендігі жерде аталған үш мемлекеттің арасында кедендік бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық, ветеринарлық, көліктік бақылау жүзеге асырылмайды. Яғни, Кедендік одақтың ішкі шекараларынан бақылаудың барлық  түрлері алынып, тек шекаралық бақылау ғана қалды. Кедендік бекеттер де біржола жойылды. Азаматтар осы елдер арасында ешбір кедергісіз еркін жүру мүмкіндігіне ие болды. Кеден ...

Жалғасы »

Біз тамшылатып суаруға көштік. Ал, сіз?

Қала маңында шаруашылықпен айналысу қаншалықты тиімді? Ақтөбе қаласында шаруашылықпен айналысып жүрген азаматтар заманға ілесе алып отыр ма? Ауыл шаруашылығына үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдау шараларын олар қаншалықты пайдалана алып жүр? 8 шілдеде Ақтөбе қаласы әкімдігінде өткен ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған семинар-кеңесте осы сауалдарға жауап ізделді. Семинар-кеңес қала әкімінің орынбасары Марат Тағымовтың төрағалық етуімен өтті. Шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының; қалалық ...

Жалғасы »

Футбол Аса маңызды мәселе — алғашқы алтылыққа ілігу Өткен аптаның жексенбі күні кезекті матчтан соң телевизия тілшісіне берген сұхбатында «Ақтөбенің» капитаны Самат Смақов өз командасының жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Расында да, бұл жолы бап шапса да, бақ шаппады ма, әйтеуір, соншама басымдылық көрсеткен, қарсыластар қақпасын торуылдап-ақ баққан ақтөбеліктер стадион толы жанкүйерлеріне жеңіс қуанышын сыйлай алмады. Ал «Астана» бұл кездесудің нәтижесіне шын ...

Жалғасы »