Басты бет » Басты жаңалықтар (page 288)

Басты жаңалықтар

Кеденнен кедергісіз өтеміз бе?

1 шілдеден бастап Қазақстан, Беларусь, Ресей мемлекеттері арасындағы Кедендік одақтың жұмысы толығымен іске қосылды. Ендігі жерде аталған үш мемлекеттің арасында кедендік бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық, ветеринарлық, көліктік бақылау жүзеге асырылмайды. Яғни, Кедендік одақтың ішкі шекараларынан бақылаудың барлық  түрлері алынып, тек шекаралық бақылау ғана қалды. Кедендік бекеттер де біржола жойылды. Азаматтар осы елдер арасында ешбір кедергісіз еркін жүру мүмкіндігіне ие болды. Кеден ...

Жалғасы »

Біз тамшылатып суаруға көштік. Ал, сіз?

Қала маңында шаруашылықпен айналысу қаншалықты тиімді? Ақтөбе қаласында шаруашылықпен айналысып жүрген азаматтар заманға ілесе алып отыр ма? Ауыл шаруашылығына үкімет тарапынан жасалып жатқан қолдау шараларын олар қаншалықты пайдалана алып жүр? 8 шілдеде Ақтөбе қаласы әкімдігінде өткен ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілерге арналған семинар-кеңесте осы сауалдарға жауап ізделді. Семинар-кеңес қала әкімінің орынбасары Марат Тағымовтың төрағалық етуімен өтті. Шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының; қалалық ...

Жалғасы »

Футбол Аса маңызды мәселе — алғашқы алтылыққа ілігу Өткен аптаның жексенбі күні кезекті матчтан соң телевизия тілшісіне берген сұхбатында «Ақтөбенің» капитаны Самат Смақов өз командасының жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Расында да, бұл жолы бап шапса да, бақ шаппады ма, әйтеуір, соншама басымдылық көрсеткен, қарсыластар қақпасын торуылдап-ақ баққан ақтөбеліктер стадион толы жанкүйерлеріне жеңіс қуанышын сыйлай алмады. Ал «Астана» бұл кездесудің нәтижесіне шын ...

Жалғасы »

467-бапты өзгерту керек пе?

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс: 467-бапты өзгерту керек пе? Бұрын көлікті байлық пен дәулеттің белгісі деп қарайтын болсақ, қазір ол күнделікті қажеттілікке, жылжу құралына айналды деуге болады. Өйткені, қазір екінің бірінде көлік бар, екінің бірі көлік жүргізеді. Осы жерде сұрақ туындайды: көлік жүргізушілердің барлығы жол қозғалысы ережелерін біле ме, сақтай ма? Соның ішінде Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің жүргізушіге мас ...

Жалғасы »

Біз осылай тойладық!

Астана күні мерекесі облыстың түкпір-түкпірінде, аудандарда, облыс орталығында жоғары деңгейде аталып өтілді. Ақтөбеде мерекелік бағдарламаның негізгі бөлімі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтті. Қаланың бірнеше жерінде «Астана – Қазақстанның бәйтерегі» деген атпен өткен мерекелік іс-шаралар, концерттік бағдарламалар, балалар ойын алаңдары, спорттық жарыстар аталған саябақта да таңнан кешке дейін жалғасты. Қаламыздағы барлық шығармашылық ұжым мерекеге өнерден ...

Жалғасы »

Сәулесі мол шуақ еді

Осы заманғы қазақ әдебиетін қалыптастырған аға буын классиктеріміздің көзін көрген, сұхбаттас болған, өлеңге адалдығынан айнымаған, азаматтығына еш уақытта кір жұқтырмаған Мұхтар аға Құрманалин дүйсенбі күні 84 жасқа қараған шағында фәнилік дүниеден озды. Ақтөбе аймағындағы әдебиеттің тұтас бір дәуірін Мұқаңсыз көзге елестету мүмкін емес. Біздің өңірдің оқырмандары өз жүректеріне етене жақын леп есетін Мұхтар ақын поэзиясын қадір тұтып қалыптасты. Қолына қалам ...

Жалғасы »

Елорданың туған күні

Мереке қарсаңында туған күнін Астана күнімен бірге тойлайтын жастар мен  Астана құрдастарын әңгімеге тартқанбыз. Біз — Астананың құрдасымыз Ақтөбе қаласындағы №38 мектептің 6-сыныбында оқитын Сұлтан Серікбаев Астана қаласымен құрдас. Ол облысқа танымал «Шашу» би тобының құрамында өнер көрсетеді. Аймақтық, республикалық және халықаралық жарыстардан жүлдемен оралып жүр.  Білім ордасында өткізілетін түрлі мерекелік шаралардан да тыс қалған емес. Сұлтан болашақта елімізге танымал ...

Жалғасы »

Ертең — Елбасының туған күні

Ертең — Астана қаласының туған күні. Сонымен бірге ертең Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың да туған күні. Қос мереке қарсаңында Астананы Алматыдан Сарыарқа төсіне көшіру идеясының авторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың жеке өмірі, шығармашылығы жөнінде оқырманға мол мағлұмат беруге тырыстық. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Анасы Әлжан ...

Жалғасы »

Жарнама: кемшіліктер түзетіледі, қателіктер ескертіледі

Қала көшелеріндегі жарнамалардың сапасы сын көтермейді. Тіпті кейбір агенттіктер жарнамаларын заңсыз орналастырып келген. Өткен бейсенбіде қала  әкімі Архимед Мұхамбетов аталған мәселеге байланысты жиын өткізіп, жарнама агенттіктерінің басшыларына қатаң ескерту жасады. Яғни, заңбұзушылықтарға жол берген мекеме өкілдері кемшілікті Астана күніне  дейін түзетіп болуы тиіс. Жиында Архимед Мұхамбетов қала көшелеріне ілінген жарнамалардың ешқандай талапқа сай еместігін айтты. — Қаланы көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары ...

Жалғасы »

Сәнияның бір күні

Мемлекеттік қызметкер. Ол кім? Мүмкін сырттай қарағанда тау қопарып, тас қашап жатқан ештеңесі жоқ қарапайым қызмет иесі шығар. Әлде, анау ойлағандай, түк бітірмесе де, мұрнын көкке көтерген мансапқор ма? Бәлкім жарғақ құлағы жастыққа тимейтін нағыз еңбектің адамы болар? Оны мемлекеттік қызметкер болып көрген адам ғана біледі немесе біз секілді оның қасында бір күн бірге жүрген сырткөз ғана бағамдай алуы мүмкін. ...

Жалғасы »