Басты бет » Басты жаңалықтар (page 277)

Басты жаңалықтар

«Қазақавтожол»: Қысқы маусымға дайынбыз!

Сейсенбіде Ақтөбе қаласындағы №11 жол пайдалану бөлімшесінде «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы осы жылдың тоғыз айын қорытындылап, қысқы маусымға дайындықты пысықтады. Сондай-ақ автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаментімен бірігіп арнайы қар тазалағыш көліктердің техникалық байқауы ұйымдастырылды. Оған аудандық жол бөлімшелерінің механизаторлары өз көліктерімен келіп қатысты. Шара барысында «Қазақавтожол» РМК Ақтөбе облыстық филиалының директоры Әкімжан ӨТЕМҰРАТОВПЕН сұхбаттасқан едік. —    Әуелі облыстық ...

Жалғасы »

Көкпар тартқан жұрт едік…

Қазақтың ұлттық ойындарының екі жүзден астам түрі бар дейді зерттеушілер. Соның бірі, бірегейі, әлемге мақтанып көрсетуге тұрарлығы — көкпар.  Ақиқатын айтсақ, біздің өңірде, жалпы Қазақстанның батысында осы бір керемет ойын мүлде ұмытылып кеткен-ді. Бұған осы өңірде отаршылдық саясаттың зобалаңы ерекше болғаны себеп болды ма, өзге себеп бар ма — ол жағы беймәлім. Енді, ерік өзімізге тигенде осы ғажайып спортты дамытуға ...

Жалғасы »

Көне өркениеттің белгісі

Сарайшық қандай орда болған? Соңғы кездері Тараз қаласындағы «Төлебай» базарының аумағынан орта ғасырға жататын монша  қалдықтары табылып, қазба жұмыстары жүріп жатқаны айтылып жүр. Қазған сайын бөлмелердің қабырғалары айқындалып, әртүрлі тұрмыстық заттар қолға іліге бастаған көрінеді. Қаншама ғасыр жер астында жатып, өңін бұзбаған, тұтастығын сақтаған бұйымдардың бұдан да басқа археологиялық қазбаларда кездескенін естіп те, біліп те жүрміз. Мысалы, Атырау облысының сайын ...

Жалғасы »

Тұрғын үйлерді жаңғыртуда ақтөбе көш басында келеді Вице-премьер Өмірзақ Шөкеев осыны айтты

Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысын жақсарту, ескі үйлерді жаңарту, заман ағымына сай техникалық жабдықтау ерекше күн тәртібінде тұр. Бұл мәселе үкіметтік деңгейде жоғары талап тұрғысынан қаралуда. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің Ақтөбе облысына өткен аптада жасалған арнайы сапары да осы мәселені түптеу, орын алып отырған проблемаларды айқындап, алдағы міндеттерді нақтылау мақсатынан туындады. Үлкен ауқымдағы бұл шараға республиканың барлық өңірлерінен ...

Жалғасы »

Мектептегі матриархат

Елімізде ер мұғалімдер азайып бара жатыр. Олардың үлесі 20 пайызға да (81,3 пайыз — әйел мұғалімдер) жетпейді. Дабыл қағып көтеретін проблемаға айналғаны да содан. Жігіттердің арасында «Мұғалім — әйел адамдардың мамандығы» деген қоғамдық пікір қалыптасқалы қашан. Сол себептен де, педагогикалық мамандықтар даярлайтын жоғары оқу орындарында ер балалар аз. Мамандардың пікірінше, проблеманың басты себебі екеу: әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі және мұғалім мәртебесінің ...

Жалғасы »

Уәж — ислам қазақ мемлекетінің тірегі, таянышы болуы керек

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жуырда Ақтөбеде «Ислам — ынтымақ пен бірлік діні» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференция Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының және облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап өткізілді. Бұл жиынға ҚМДБ және Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының жауапты қызметкерлері; әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдары қатысып, баяндамалар ...

Жалғасы »

Еділ мен Жайық бойындағы ерекше шақ

Кіші Аралда Бөкей хан кесенесі ашылды Сапарға үйренген адамдармыз ғой. Бірақ бұл жүріс, жұртты қайдам, маған алда бір баталы да, тарихи бағдарлы да оқиға күтіп тұрғандай әсер еткені анық еді. Өйткені аты бұрын Гурьев, кейін Атырау болған, негізі қазақтың қара шаңырағының бірінен (батыстағы) баяғы Астраханға жол тартып барамыз. Баталы да бағдарлы дейтінім — күні кеше ғана иісі қазақ марқайып қалған ...

Жалғасы »

Ауыл

Тілек түлеткен Қоңырсайда мал да, электр жарығы да, телефон да бар …Ертеректе қойшыларға қоныс болғаны болмаса, Қоңырсайды бертінге дейін ел жайламайтын. Салқын болса ызғарын бойына жинап, ыстық болса қуаңшылықтың қаһарына ұшырап жататын, «ұшқанда қарға қонбайтын» мидай жазық дала еді. Тоқсан бірдің көктемінде жоғарғы жақтан су көп келіп, сол жылы қар да қалың болып, қырға да, көлге де ылғал әжептәуір жиналды. ...

Жалғасы »

Иманды істің ұйытқысы

Елімізде жаңа ислам қаржы құралы — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) республикалық Зекет қоры құрылды. Ол — қоғамдағы мүсәпір-міскін жандарға жәрдем көрсету мақсатында қайырымдылық қаржысын жинауға арналған орталық. Көптеген елдерде зекет беру ерікті түрде жүзеге асырылады. Алайда Бахрейн, Кувейт, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия сияқты бірқатар елдерде зекет міндетті мемлекеттік салық есебінде жүреді. Оларда зекет алу және тарату рәсімдерін реттеу ...

Жалғасы »

Ақтөбе жәрмеңкесі — гендерлік саясаттың жемісі

«Қанатты әйел — 4» идеялар мен тауарлар республикалық жәрмеңкесінің ашылу салтанатына  ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова және облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. — Биылғы жәрмеңке ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Жиырма жылдың ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  әйелдерге арналып көптеген игі ...

Жалғасы »