Басты бет » Басты жаңалықтар (page 10)

Басты жаңалықтар

Мейрамбек — әлем чемпионатының қола жүлдегері

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында жерлесіміз Мейрамбек Айнағұлов қола жүлдеге ие болды. Мейрамбек грек-рим күресінен 60 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Үшінші орын үшін өткен белдесуде оның қарсыласы украин балуаны Ленур Темиров болды. Мейрамбек оны 10:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, Мейрамбек Айнағұлов олимпиадалық салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, осы салмақ бойынша көш басындағы 6 үздік балуанға тиесілі Олимпиада жолдамасын ...

Жалғасы »

Бір айдың көрсеткіші осындай

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылып, тұрғындарға денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, дін, т.б. салалар бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді. Семинар ұйымдастырылып, насихат жұмыстары жүргізілді Аталған жобаның бірінші бағыты бойынша халық арасында діни тұрақтылықты қалыптастыру, діни экстремистік және террористік көріністердің алдын ...

Жалғасы »

«Ақтөбе» газетінің ауылға сапары

«Ауылым — алтын бесігім». Байғанин ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында және облыстық «Ақтөбе» қоғамдық-саяси газетінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылған шара осылай аталды. Басылым мерейтойы аясындағы шара 4 топ бойынша өткізілді. Облыстық қоғамдық кеңес көшпелі отырысын өткізді. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы кәсіпкерлерге шеберлік класын ұйымдастырды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы тұрғындармен кездесіп, түсіндіру ...

Жалғасы »

Амангелді Айталы — 80

Амангелді Айталы — 80 жаста Белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы 80 жасқа толып отыр. Ол — білім беру саласында жарты ғасырдан астам уақыт бойы еңбек еткен ұстаз, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Бүгінге дейінгі ғұмырының жартысын ол Батыс аймақтағы ең ірі оқу орнының — ...

Жалғасы »

Ақтөбеде цифрландыру күні өтті

Өткен сенбі күні облыс орталығында «Ақтөбе облысының цифрландыру күні» ұйымдастырылды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  өткен жиынға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өндірісі вице–министрі  Абылайхан Оспанов, облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Ақтөбе қаласы әкімі Мавр Абдуллин, ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшылығы, Ақтөбе және Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Шымкент, Орал қалаларынан, Түркістан облысынан келген 10-нан аса  ІТ-технология компаниялары өкілдері қатысты. Аталған ...

Жалғасы »

Мейрамбек Олимпиада жолдамасын иемденді

Грек-рим күресі бойынша Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан қоржынына екі Олимпиада жолдамасы түсті. Алғашқы жолдаманы жерлесіміз Мейрамбек Айнағұлов жеңіп алды. 60 кг салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Мейрамбек алдымен Бразилияның атынан өнер көрсетіп жүрген қазақ палуаны Марат Гариповты 9:0 есебімен жеңді. Одан кейінгі айналымда Юстас Петравикиусты ұтты. Есеп: 4:2. Ал ширек финалда Иван Лизатовичті таза жеңіп, жартылай финалға ...

Жалғасы »

«Аспан-2019» лаңкестерді жойды

Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының «Ақтөбе» әуеайлағы аумағында Ақтөбе қаласындағы біріккен әскери жеке құрамдардың «Аспан-2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Бұл әзірлікті облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастан-аяқ бақылады. Оқу-жаттығуға қала аумағындағы 99235, 30238, 6655-әскери бөлімдердің ұлттық ұлан сарбаздары мен полиция департаментінің арнайы жасағы,төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері және денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қатысты. Әскери шараға 214 адам тартылып, 18 арнайы ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Жалған мәлімет берген мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Облыс әкімінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері қатысқан жиында облыс әкімдігінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауов үстіміздегі жылғы  12 тамыздан 8 қыркүйекке дейінгі кезеңде атқарушылық тәртіптің жағдайы туралы хабарлады. Осы мерзім аралығында  277 тапсырма, жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдардан 522 тапсырма берілген. Президент Әкімшілігі тарапынан берілген 620 тапсырма мен облыс әкімінің 29 тапсырмасы дер ...

Жалғасы »

Тұрғындарды қабылдады, кеңес берді

Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету  Сейсенбі күні Ақтөбе қаласында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бірнеше бағыты бойынша азаматтарды қабылдау, сондай-ақ бірқатар кездесулер өтті. Басты сауал — баспана және атаулы әлеуметтік көмек  Аталған жоба аясында «Анаға тағзым» орталығында азаматтарға қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауға келген тұрғындар жеке сауалдары бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімі, Ақтөбе қалалық ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысы Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады

24-25  маусымдағы  Арыс оқиғасы осы жылдың ең үлкен төтенше оқиғасы ретінде адамдарымыздың есінде  ұзақ сақталатын болды. Маусымның 30 градустық аптап ыстығында  қару-жарақ қоймаларынан шыққан өрт күнделікті таңғы тіршілігін бастаған жұрттың тыныштығын бұзды. Өрт қоймаларға тарап, әскери қалашыққа  200 метр жерде  орналасқан үйлерге қоймадағы қару-жарақ оғы, әскери снарядтар ұша бастады. 39 мың тұрғын қаладан бас сауғалап қашты. 2-3 мың адам эвакуацияланды. ...

Жалғасы »