Басты бет » Author Archives: admin (page 70)

Author Archives: admin

Ауланың қарын кім тазартады?

Көктем басталса, ауладағы қыс бойы жауған қалың қарды тазарту — кезек күттірмес мәселе. Осыған орай Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірігіп, көп қабатты тұрғын үйлердің аула аумақтарын тазалауға қатысты КСК, кондоминиумдарға рейд жүргізуді бастады. Кеше осындай топ 11-шағын аудан, 34-үйдің ауласына жиналды. 34,35,36 үйлердің аула ортасына шалшық су едәуір жиналып қалыпты. Балалар алаңы қардан тазартылмаған, жалпы біраздан ...

Жалғасы »

Фтизиопульмонология орталығында 197 адам ем алып жатыр

Наурыз айынан бастап Ақтөбеде коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны өсті. Қазіргі күні облыстық фтизиопульмонология орталығында 197 науқас ем алып жатыр. Орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімовтің айтуынша,  500 кереует дайын тұр. Жансақтау бөлімінде де кереует саны жеткілікті. — Сегізінші наурыздан кейін коронавирусқа шалдыққандардың саны өсті. Бірақ тұрғындар арасында өткен жылғыдай үрей жоқ. Вирус анықталса, бірден қаралып, ауруханаға орналасуда. Келген науқастарды кейін қайтарып ...

Жалғасы »

Ауыл тұрғындарына арналған гранттар

Конференция Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы кеңсесінде «Ауылда азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» республикалық жобасы бойынша онлайн баспасөз конференциясы өтті. Жобаны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мемлекеттік гранты аясында Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы іске асыруда. Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Дүйсенованың айтуынша, жоба ...

Жалғасы »

Пәтер кезегінде тұрған азаматтар қалай баспаналы бола алады?

Баспана Бұл сұраққа нақты жауап алу үшін баспанаға қолжетімділік сатысын қарауға болады. Бұл жерде басты принцип — кезекке тұрған азаматтың отбасындағы адам басына шаққандағы табысы. Сонымен… Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын (34 302 теңге) немесе мүлдем табысы жоқ (жұмыс жасамайтын) кезекте тұрған азаматтарға әкімдіктерден сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беріледі. Пәтерлер кезекке сай, тек әкімдікте кезекте тұрған ...

Жалғасы »

Вакцинациялау: сұрақтар мен жауаптар

Қазіргі таңда Қазақстан коронавирус індетінің таралу қаупі жоғарылаған аймаққа айналды. Карантиндік шектеу шаралары күшейтіліп, кей өңірлерде локдаун енгізілді. Бұл індеттің таралуын азайтудың бірден-бір жолы — вакцинация. Төменде вакцинациялауға қатысты ең маңызды сұрақтардың жауабын жариялап отырмыз. — Коронавирусты жұқтырып алу қаупінен қалай сақтануға болады? — Індеттен сақтанудың бірден-бір жолы — вакцина салдыру және сақтық шараларын қатаң сақтау. Адам көп жиналатын жерге ...

Жалғасы »

Айсұлтан мен Мират — күміс жүлдегерлер

Темір ауданының спортшы жастары түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, жыл өткен сайын шеберлігін арттырып жүр. Пандемия кезінде де олар бұл қарқынынан қайтқан жоқ. Қуантарлығы сол, спорттың қай түрінен болсын, жетістіктер көп. Жақында Түркістан қаласында волейболдан өткен ел чемпионатынан да темірлік жас талаптар олжалы оралды. Атап айтсақ, Түркістан қаласында 2008-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған волейболдан ел чемпионатында Айсұлтан Сәдуақасов пен Мират ...

Жалғасы »

Телефон алаяғынан сақтан!

Қазір телефон арқылы алаяқтық жасайтындар көбейіп тұр. Соңғы кезде облыста алаяқтардың арбауына түсіп, сан соғып қалғандар көп. Облыстық полиция департаменті тұрғындарға  ескерту жасап жатыр. Соның өзінде де тұрғындар алаяқтардың «құрығына» ілігуде. Департамент өкілдері азаматтарға банк немесе несие ұйымдарының атынан түскен қоңырауларға мұқият болуды ескертеді. Банк қызметкерлері клиенттерге ешқашан қоңырау шалмайды және есеп айырысу шоттарынан ақша қаражатын аударуды талап етпейді. Егер ...

Жалғасы »

Боксшы Нұртастың сыйлығы

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі, кəсіпқой бокстан «WBC Asia» белдігінің иегері Нұртас Əжбенов спорт мектебінің жас боксшыларымен кездесті. Санитарлық талаптарға сай өткізілген кездесуде Нұртас Əжбенов өзінің жеткен жетістіктері туралы айтып, бокстың әліппесімен танысып, қолғабын енді кие бастаған балалардың сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында Нұртас ринг тәртібін үйреніп жүрген 3 жасөспірімге өз атынан боксқа қажетті спорттық киім-кешектер сыйлады. Шара ...

Жалғасы »

Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың Ұлттық мектебіне түсушілер үшін мемлекеттік басқару магистрінің жаңартылған бағдарламасы басталды. — Бұл бағдарлама бірінші кезекте мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілерге арналған. Мұндай жаңашылдықты енгізу заман талабына сәйкес және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Жұмыскерді оқыту кезінде жұмыс орны сақталады, сол арқылы еңбек өтілі есептеледі, сондай-ақ стипендия ...

Жалғасы »

Сақтық шаралары жүргізілуде

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, биыл халықаралық және республикалық маңызы бар Самара — Шымкент және Ақтөбе — Орынбор автожолдарында транзиттік жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиі тіркелген. Соңғы үш айдың қорытындысы бойынша, аталған жол бағыттарында 23 жол-көлік оқиғасы болған. Онда 45 адам зардап шегіп, 13 адам қаза тапқан. Осыған байланысты патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Жайсаң» шекара бекетіндегі жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын ...

Жалғасы »