Басты бет » Author Archives: admin (page 60)

Author Archives: admin

Өртке қарсы минералды жолақ жүргізілмек

«Ақтөбе орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орман қорының алқабы 20 828 гектар аумақты құрайды. Оның ішінде Қарғалы, Елек, Ленин орман шаруашылықтары бар. Аталған үш орман шаруашылықтарының өзіндік қалыптасқан қызмет бағыттары бар. Бәріне ортақ іс — орман қорын күзету және өрттен қорғау. Орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күресу шараларын ұйымдастыру мақсатында орман шаруашылықтарында көктем мезгілінен бастап тиісті жұмыстар атқарылуда. ...

Жалғасы »

Көп балалы аналарға арналған тренинг

Семинар Ақтөбедегі Шығармашылық академиясында кәсіпкерлер мен кәсіп ашқысы келетін көпбалалы аналарға арналған пайдалы семинар-тренинг өтті. Ақтөбе қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен өткен  тренингке Алматы мен Қарағандыдан бизнес-тренерлер келіп, білімдерімен бөлісті. Алматыдан арнайы шақыртумен келген жеке кәсіпкер, қаржы маманы Назым Алиева былтырдан бастап инстаграм әлеуметтік желісі арқылы бизнес ашуға, дамытуға арналған мемлекеттен берілетін көмек түрлері туралы қарапайым тілде жеткізіп жүр. — Кәсіп бастаймын ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысында 12 қоғамдық кеңес құрылды

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен Nur Otan партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросының отырысында өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыста Оңдасын Оразалин облыстық партия филиалының облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Айта кету керек, қоғамдық кеңестер электоралдық міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олар мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштеріне тиянақты қарап, сапалы жұмыс істеуіне, бюджет ...

Жалғасы »

Облыс әкімі футбол алаңының дайындығын тексерді

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы спорттық жобалардың жүзеге асырылуы барысымен танысты. Облыс әкімі алдымен​ «Триатлон паркін» қарап​ шықты. Жалпы алаңы 4,3 гектар болатын жаңа демалыс орны биылғы жылы ашылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда мұнда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Облыс әкімі жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын аяқтап, субұрқақтарды​ 1 маусымға дейін қосуды​ тапсырды.​ Бұдан кейін Оңдасын Оразалин Сазды өзенінің ...

Жалғасы »

Жем мен Сағыз арналары суға толды

Биыл Жем мен Сағыз өзендерінің арнасы толды. Ауыл халқы мәз, көңілдері шат. Негізгі кәсібі — мал шаруашылығы болып саналатын Байғанин өңірінің жұртшылығы қос өзен деңгейлерінің көтеріліп, салаларының суға толып,  арналарының қураған өсімдіктерден, су жәндіктерінің өлекселерінен тазарғанына, бұлақ көздерінің ашылғанына қуанышты. Бүгінде Жемнің бойында 6 елді мекен — Жарқамыс, Ақтам, Кемерши, Жаңатаң, Миялы, Қаражар, ал Сағыздың маңында 5 елді мекен — ...

Жалғасы »

Ферма жұмысшыларына жұмыс ұсынылып жатыр

Мемлекеттік сот орындаушылардың  Бестамақтағы шошқа фермасының жұмысын тоқтатқаны туралы бұған дейін де айтылған болатын. Енді мұнда көң шығарылмайды, ағынды суды төгуге де рұқсат жоқ. Ауыл тұрғындарының тілегі орындалғанымен, бір күнде жұмыссыз қалған ферма жұмысшылары бұл шешімге наразылық танытып, ереуілге шыққан болатын. Әлеуметтік желіде түрлі пікір тудырған бұл жағдай көпшілікті алаңдатып отыр. Аталған мәселеге қатысты сейсенбі күні жергілікті билік өкілдері мәлімдеме ...

Жалғасы »

Қош келдің, Рамазан!

Төлеби қажы ОСПАН, Ақтөбе облысының Бас имамы Адам баласын бейбітшілікке үндеп, мейірім мен жақсылыққа шақыратын Рамазан айы келді.  Алла тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді». Демек, бұл айда ораза ұстау — мұсылманның бес парызының бірі. Биыл оразаны тағы да пандемия жағдайында өткіземіз. Қауіпті індеттің одан әрі таралуының алдын алу үшін тарауих намазы мешіттерде ...

Жалғасы »

Шалқар көлінің деңгейі көтерілді

Биыл 11 сәуірден бастап Шалқар көлінің су деңгейі көтерілуде. Қазір Мұғалжар тауынан бастау алатын қар суы, ұзындығы 149 шақырым болатын Қауылжыр өзені арқылы Шалқар көліне құйыла бастады. — 5 сәуірден бастап көлдің табанын тазарту жұмыстары басталғаны белгілі. Қазіргі таңда құм төгуге, қоқыс тазартуға 14 полигон дайындау, тағы басқа  жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол үшін 20-ға жуық  техника жұмылдырылды. Биылғы жылға 432 ...

Жалғасы »

Алғашқы жылдардағы сәулелі сәттер

Тәуелсіздік шежіресі: 1994 жыл Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, яғни КСРО-ның ыдырауымен қалыптасқан экономикалық байланыстар біржола үзіліп, ел жаңарып, «қазан жаңарып» жатқан жылдар бұрынғы Одақтың орнында пайда болған жас мемлекеттердің қай-қайсысына да оңайға соқпаған. Мысалы, одақтас республиканың біріндегі кәсіпорын шикізатты басқа республикадан алып қана қоймай, қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия көзі үшін келесі бір басқа республикаға тәуелді болып шықты. Оған қоса сол ...

Жалғасы »

Сапасыз жолдар мердігер компанияның есебінен қайта салынуы керек

Былтыр Ақтөбе қаласында 117 көше жөнделді. Бірақ көктемде көп көшенің асфальты қармен бірге «еріп» кетті. Жаңарған көшелер бұрынғы қалпына қайта түсті. Ал жолдың сапасы неге нашар? Сапаны кім бақылайды? Мердігер мекеме неге жауапсыз? Ақтөбе облысы бойынша жол активтерінің Ұлттық сапа орталығының директоры Тельман Малаевты сөзге тарттық.   — Қазір ақтөбеліктер үшін ең өзекті мәселе — жол. Жол неге сапасыз? — Рас. ...

Жалғасы »