Басты бет » Author Archives: admin (page 42)

Author Archives: admin

Тұрғындардан түскен шағымдар мен ұсыныстар жауапсыз қалмауға тиіс

Мемлекеттік органдардағы орындаушылық тәртіпті сақтау мәселелері облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында қаралды. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары,  сондай-ақ бейнебайланыс арқылы аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдері қатысты. Жиында облыс әкімі аппаратының басшысы Қайрат Райымқұлов 2019-2020 жылдардағы және 2021 жылдың 4 айындағы орындаушылық тәртіп жағдайына жүргізілген талдау нәтижелерін жариялады. Оның айтуынша, бүгінге дейін облыс басшылығы 4795 тапсырма жолдаған, ...

Жалғасы »

Облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Тағайындау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс басшысының өкімімен Жақсығали Иманқұлов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Жақсығали Иманқұлов Орынбор ауылшаруашылық институтын, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары университетін бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы «Мағаджан» кеңшарында мал дәрігері, аға зоотехник болып бастап, әр жылдары «Мағаджан» кеңшарының директоры, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе аумақтық басқармасы шекарадағы және көліктегі малдәрігерлік және фитосанитарлық бақылау ...

Жалғасы »

Ақтөбеде мерекелер қалай атап өтіледі?

Алда үлкен мерекелер келе жатыр… 7 мамыр күні қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін тойласа, арада екі күн өткен соң Ұлы Жеңіс күні мерекесі атап өтіледі. Қазіргі таңда коронавирус індетіне байланысты көптеген шаралардың онлайн форматқа ауысып, мүлде басқа реңкке көшкені рас. Бұл — ең алдымен жұртшылықтың амандығы үшін жасалып отырған амал. Бірақ мәдениет саласы өкілдерінің айтуынша, қандай жағдайда да қос мереке атаусыз ...

Жалғасы »

Этномәдени орталықтардың экологиялық акциясы

1  мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері — этномәдени орталықтар мүшелері  ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы Тутұғырдың жанында экологиялық акция өткізді. Шара барысында түрлі ұлт өкілдері Бірлік күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап 30 түп тал екті. «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұрхан Ағниязов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Бірлік күніне арналған шараларды таза ауада өткізуді ...

Жалғасы »

Досжан ишан бағына  150 түп жеміс ағашы егілді

Былтыр Шұбарқұдықтан үш шақырым жердегі Досжан ишан бағын қайта қалпына келтіру жұмысы қолға алынып, 282 түп тал мен жеміс ағаштары егілген болатын. Өткен аптада ишан бағына 150 түп жеміс ағашы егілді. Оның ішінде жабайы алма мен өзге де жеміс ағаштары бар. Темір ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыгүл Көшекбаеваның айтуынша, бұл жолы ағаштарды биыл мектеп бітіретін түлектер еккен, яғни солардың  аллеясы аталады. ...

Жалғасы »

1000 отбасына 18 тонна азық-түлік таратты

«Зекет және қайырымдылық» қоры республика көлемінде «Берекелі Рамазан керуені» қайырымдылық марафонын ұйымдастырды. Шараға аталған қордың облыс бойынша өкілдігі өз үлесін қосты. 1000 отбасыға 18 тонна 394 келі азық-түлік үлестіріліп, 6 миллион 632 мың 900 теңге қаражат жұмсалды.  Бұл шараға мешітке келуші жамағат пен облыстағы жомарт азаматтар демеушілік жасады. «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан игі іске үлес қосқан азаматтарға ...

Жалғасы »

100-ден аса іс зерттелді

Саяси қуғын-сүргін Облыстық мемлекеттік архивте өткен ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына қатысты 22 мың іс бар. Бүгінгі күні тарихшылар осы істерді зерттеуге кірісті. Зерттеушілер қатарында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің тарихшы-ғалымдары, магистранттары, сондай-ақ Ақтөбе қаласының мектептерінде тарих пәнінен сабақ беретін ұстаздар бар. Зерттеу жұмыстары өткен ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргіндердің құрбандарын толық ақтау бағытындағы шаралар аясында қолға алынып отыр. ...

Жалғасы »

Қанайдың қуанышы — тұщы су

Облыста алғаш рет кешенді блок модуль арқылы ауылға ауызсу келді Бұдан былай тұщы су тұтынатын қанайлықтардың қуанышында шек жоқ. Соңғы кезде шалғай да шағын ауылдарды ауызсумен қамтудың жаңа үлгісі шықты. Халық саны өте аз болғандықтан ауыз су құбырын тарту тиімсіз, әрі көп қаражатты керек етеді. Сондықтан облыс аумағы ауызсумен толық қамтылды десек те, таза суды тұтына алмай отырған ауылдар бар. ...

Жалғасы »

Екпе — сақтық негізі

Ырғыз ауданында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам тіркелді.  Оның ішінде 7 адамнан ауру белгілері анықталса, 5-еуі — симптомсыз. Қазір ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ауру ошақтарына уақтылы дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, науқастар және байланыста болғандар оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. ПТР-тесттің қорытындысы бойынша оң нәтиже анықталған 12 науқастың алтауы инфекциялық стационарда ем алуда. Бір науқас емін аяқтап, үйге шыққан, қазір медициналық бақылауда. Ал ...

Жалғасы »

«Ерлік пен даңқ» залында

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылы жаңа тақырыппен «Ерлік пен Даңқ» экспозициялық залы жасақталды. Мұнда Ақтөбе облысының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихы баяндалады. Ұлы Отан соғысына Ақтөбе облысынан 122 мыңнан астам адам аттанып, 39 мыңнан астамы елге оралмаған. 35 ақтөбелік Кеңес Одағының Батыры атағын иеленсе, 9-ы үшінші дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегерлері атанды. Экспозицияда Ұлы Отан соғысы жылдарының құнды жәдігерлерінің ...

Жалғасы »