Басты бет » Author Archives: admin (page 38)

Author Archives: admin

Ұшқыр ойлы ұйымдар

Турнир Республикалық «Ұшқыр ой алаңы» жобасын іске асыру мақсатында «Бірлігіміз жарасқан» турнирі өтті. Шараны өткізуге  Ақтөбе пікірталас орталығы және «Алматы-Дарын» талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйытқы болды. Турнирге Ақтөбе және Алматы облыстарының білім беру ұйымдары қатысты. Сайыста 56 фракция бақ сынап, жарыс тартысты өтті. Қорытындысында Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының «Капелла» фракциясы I орынды жеңіп алды. ІІ орынды Мұғалжар аудандық «Парасат» ...

Жалғасы »

Тағзым мен құрмет

Жеңіс күні Мереке әдеттегідей даңқты қолбасшылар мен жауынгерлерге тағзым етіп, Мәңгілік алау, Әлия Молдағұлова ескерткіші мен Батырлар аллеясына гүл қою рәсімімен басталды. Сондай-ақ, бұл күні облыс әкімінің орынбасарлары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтап барды. Дәстүрді бұзбай Мәңгілік алау жанында әлеуметтік арақашықтық сақтап, медициналық маска киген жұрт соғысқа қатысқан аталары мен әкелерін еске алып, гүл шоқтарын қойды. Көпшілік сол жердегі қаһарман ...

Жалғасы »

Ән тыңдап, гүлге оранған Ажар әже

Жеңіс күнінде қаланың кей жерлерінде, анығы, соғыс ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында әскери әндер шырқалып, мерекелік көңіл күй сезілді. Бейбіт күннің әндері Металлургтер көшесіндегі кезінде ардагерлерге берілген үйдің ауласында да шырқалды. Осы үйдің тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Ажар Оразғалиева есік алдына шығып, орындыққа жайғасып, жастардың әнін тыңдап, биін тамашалады. Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамансары ...

Жалғасы »

Құрмет пен тілек

Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан 22 ардагер бар. Жеңіс күнінде облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов екі ардагердің үйіне барып құттықтап, мерекелік сый-сыяпатын табыстады. Әуелі Болашақ ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Анисим Харенконың үйіне барды. Диванда кеудесі медальға толы «парадный» костюмін киіп алған ардагер отыр. Облыс әкімінің орынбасары ардагерге әуелі облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің құттықтау хатын оқып, гүл мен ...

Жалғасы »

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Отан қорғаушылар күні облыс әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерлерін алдағы Жеңіс күнімен құттықтады. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің атынан құттықтау лебізін облыстық мәслихаттың хатшысы Аманкелді Нұғыманов екі ардагердің үйіне барып, арнайы жеткізді. 100-атқыштар бригадасының жауынгері, артиллерист Сатылған Бекмағамбетов пен бөлімше командирі, пулеметші Михаил Диденконы салтанатты түрде құттықтау үшін облыстық мәслихат 6655 әскери бөлімнен оркестрді арнайы шақырды. 1941 жылдың желтоқсанында майданға шақырылған ...

Жалғасы »

Құрметті Отан қорғаушы азаматтар және Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

 

Құрметті Отан қорғаушы азаматтар және Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

  1,529 рет оқылды

Қадірменді жерлестер! Дана халқымыз «Отан оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс – күймейсің» дейді.  Көктемнің  мизамшуақ  мамыр айы осы ойларды бекіте түскендей. Күні кеше елдің бірлігі мен бекемдігін атап өтсек, іле-шала  7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, оның соңынан 9 мамыр — Жеңіс күні қатарынан келіп тұр. Шынында да, адамзат баласы үшін ата-анасымен,  отбасымен тең тұратын ең қымбат құндылық ...

Жалғасы »

Әлия есімі әуежайға берілді

Ақтөбе халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді. Қаланың басты әуе қақпасының маңдайшасына латын әріптерімен Әлия Молдағұлова деп жазылып, әуежайдың ішіне батыр қыздың бюсті қойылды. Бейсенбі күні Ақтөбедегі халықаралық әуежайға Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есімін беруге арналған шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, қала әкімі Асхат Шахаров, батыр қыздың туыстары мен оның өмірін зерттеп жүрген танымал қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар қатысты. — ...

Жалғасы »

Облыста жастарды қолдайтын кеңес құрылды

Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Отырыста қоғамдық кеңестің құрамы бекітіліп, негізгі міндеттері мен жылдық жоспары талқыланды. Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының «Болашағына сенімді жастар» бағытын тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ 2025 ...

Жалғасы »

Жеңіс жауынгерлері жоғары құрметке лайық

Жылда Жеңіс күні жақындаған сайын сонау бір ел қорғаған, ерлеріміз қан майданда бейбіт күн үшін қан төккен кезеңдер ойға оралады. Жалаулатқан жиырма жасында от пен өрт ортасында жүріп, күн мен түннің айырмасын ұмытқан, бар арман-мақсаты — елімізді жау езгісіне қалдырмай, алға ұмтылған фашистің бетін қайтарып, өз ұясында талқандау болған жауынгерлеріміздің көпшілігі елге орала алмай қалды. Ал Жеңіс жалауын көтеріп, соғыстан ...

Жалғасы »

Ақтөбедегі 17 майдангердің бірі

Бүгінде Ақтөбе қаласында  Ұлы Отан соғысына қатысқан 17 ардагер тұрады. Бейбіт күннің қадірін терең сезінетін ардагерлердің бірі — биыл 97 жасқа толатын Нина Галкина. Жеңіс күні қарсаңында Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова мен қоғамдық кеңес мүшесі, «Лучшее решение» ЖШС директоры Алмас Елеуов Ұлы Отан соғысының ардагері Нина Галкинаның үйіне құттықтап барды. Жалғызілікті қартқа жылы лебіздерін айтып, мерекелік азық-түлік қоржынын ...

Жалғасы »