Басты бет » Author Archives: admin (page 30)

Author Archives: admin

Бірыңғай ұлттық қауымдастық тұтынушы мүддесін қорғайды

Қазақстан тұтынушыларының бірыңғай ұлттық қауымдастығын құру идеясы міндетті мүшелік, олардың юрисдикцияларында қалыпты деп танылған елдердің халықаралық тәжірибесіне негізделген. Мысалы, Германияда 30-дан астам қоғамдық ұйым тұтынушылардың бірыңғай одағына біріктірілген, онда әртүрлі салалар (сауда, қаржы, сақтандыру және т.б.) бойынша білікті сарапшылар жұмыс істейді және бұл дауларды мемлекеттік құрылымдардың қатысуынсыз шешуге мүмкіндік береді. Осындай институттар Сингапурда, Жапонияда және Австрияда тиімді жұмыс істейді. Олардың ...

Жалғасы »

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау енді электрондық форматта жүзеге асырылады.

2021 жылғы 1 наурыздан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)  тағайындау бойынша қызмет «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылуда. Енді азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына немесе ауылдық әкімдіктерге жүгінбей-ақ, «Электрондық үкімет» порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өз бетінше өтініш бере алады. Қызмет Электронды Үкімет порталының «Әлеуметтік қамсыздандыру» – «Отбасына көмек» бөлімінде қолжетімді. Бұл өтініш беруші мен қызмет көрсетуші арасында байланыстың ...

Жалғасы »

Қалыпты тіршілікке қадам ретінде қабылдады

Тәуелсіздік шежіресі: 1993 жыл 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығы шықты. Жарлыққа сай, осы жылғы 15 қарашада сағат 8.00-ден бастап қазақ елінің аумағында ұлттық валюта — теңге айналысқа енгізілді. Сондай-ақ 18 қарашадан бастап теңге ел аумағындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналды.   Осыған байланысты Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгін ...

Жалғасы »

Бірлікті ту еткен білім ордасы

Күніне мың құбылған ғаламда адамға ғана емес, мемлекеттерге де дос, бауыр, жанашыр керек. Түркия — жас қазақ еліне бірден-ақ өзінің тілеулестігін білдіріп, түрлі салада қолдау көрсеткен мемлекет. 1993 жылдың қыркүйегінде Ақтөбеде қазақ-түрік лицейінің ашылуы да — соның бір дәлелі. Жалпы, елімізде қазақ-түрік лицейлері 1992 жылдан ашыла бастады. Олар Қазақстан мен Түркия арасында білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі ...

Жалғасы »

Коронавирус: өкпе зақымдалып, жүрек нашарлайды

Соңғы аптада індетке шалдыққандардың саны күрт өсті. Ақтөбе қаласындағы инфекциялық стационарларға күніне кемі 40-50 адамнан түсіп жатыр. Облыстық клиникалық-инфекциялық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Әлия Нұртдинова емдеу мекемесі жанынан үш бөлімнің ашылғанын айтты. Коронавирус инфекциясына шалдыққандарды емдеуге арналған бірінші бөлім қала сыртындағы наркологиялық диспансерде орналасқан. Бұл жерде қазір 72 адам ем алса, жансақтау бөлімінде 9 адам жатыр. Жалпы стационарда 110 кереует ...

Жалғасы »

Қауіпті емес

Нұрбол НАЖМАДИНОВ, Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары; — Әлемде пандемия басталғалы дамыған елдер вакцина шығару ісіне көңіл бөлді. Себебі коронавирусты тоқтатудың жалғыз жолы — екпе. Қазір жалғыз біздің ел ғана емес АҚШ, Еуропа мемлекеттерінде де індетке қарсы жаппай егу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар індеттің алдын алудың тиімді жолы осы екенін түсінді. Біздің ауданда да егу жұмыстары жүйелі жүруде. Медицина мамандары, ...

Жалғасы »

Отбасымның амандығы үшін екпе алдым

Инга МЫРЗАХАН, ҚР Киокушинкай-кан каратэ федерациясы облыстық филиалының  жаттықтырушысы, спорт шебері; — Ақтөбе қаласындағы №3 емханада тіркеуде тұрмын. Учаскелік дәрігерге хабарласып, екпе алатынымды айттым.  Бір құтыдағы вакцина бес адамға жетеді, яғни бес доза. Дәрігер айтқан күні егу кабинетіне келдім. Бес адам жиналған соң, терапевт дәрігер қандай созылмалы аурумен ауыратынымды сұрады. Қан қысымымды өлшеді. Ешқандай қарсы көрсетілім болмағаннан кейін, егу кабинетіне ...

Жалғасы »

Вакцина: аудандардағы ахуал қандай?

Өңірде вакцинациялау жұмысы жалғасып жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, 6300 доза вакцина жеткізілген. Қазір ол емдеу мекемелеріне таратылып берілді. Жасы 18-ден асқан кез келген тұрғын өзінің учаскелік дәрігеріне хабарласып, екпе алуына болады. Алдағы аптада облысқа ірі көлемде вакцина жеткізілмек. Сол уақытта тұрғындарды жаппай вакцинациялау басталады.  Қазір егу жұмыстары аудандарда да жалғасып жатыр. Әйтеке би ауданы: Індетті ...

Жалғасы »

Ұлағатты шайырды ұлықтай білейік

(ғұлама шайыр Әбубәкір Кердері туралы толғаныс) Төбеміз көкке жетіп, төрт тарапымыз төрт құбыла қарһалләзи болдық демесек те,  Аллаға шүкір, жат елге жалтақсыз, өз алдына отау тіккен азат һәм тәуелсіз мемлекет болғанымызға, міне, 30 жылдың жүзі болыпты. Биыл осынау тәуелсіз еліміздің кейінгі жас ұрпағы түгіл, жасамыс аға ұрпағының көпшілігі біле бермейтін, өйткені жетпіс жылдық кеңестік келеңсіздіктің кертартпа кесірінен ел есінен біржолата ...

Жалғасы »

150 адам екпе алды, тағы 200 доза әкелінді

Саулық — сақтықта Облыс қызыл аймаққа кіргеннен бері аудандарда сақтық шаралары қарқынды жүргізіліп, тұрғындар арасында вакцина алып жатқандардың қатары көбеюде. Ырғыз ауданында бүгінге дейін жалпы саны 150 адам екпе алған. Осы аптада ауданға тағы 200 доза әкелінді. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Жолдыбайдың айтуынша, 16-19 наурыз аралығында  бірінші кезең бойынша екпе алғандардың 98-і медицина қызметкері болса, 29-ы — педагог, ...

Жалғасы »