Басты бет » Author Archives: admin (page 3)

Author Archives: admin

4 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 4 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасы тіркелген. Биылғы жылдың алғашқы екі аптасында облыста 60-тан астам жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені белгілі болды. 185 жүргізуші жаяу жүргіншілердің жүруіне  жол бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 399 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзды. Сонымен қатар жылдамдық режимін бұзған 1399 жағдай тіркелді. 12 жүргізуші ...

Жалғасы »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі

Құрметті отырысқа қатысушылар! Қазақстан Конституциясының 59-бабына сәйкес жетінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясын ашық деп жариялаймын. Құрметті депутаттар! Баршаңызды сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын және жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тілеймін! Өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Бес жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады. Бұл – осыған дейінгі бес шақырылым депутаттарының бастамаларын қоса алғаннан да көп. Жаңа депутаттар ...

Жалғасы »

Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы

Облыстық мәслихаттың жетінші шақырылымының бірінші сессиясы болып өтті. Оған депутаттық корпус жаңа құраммен келді.    Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Жиында облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаева облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарлама жасады. Облыстық мәслихат депутаттары құрамында Nur Otan, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық және «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының өкілдері бар. Сессия төрағасы Тақталифум Есенғұлов күн тәртібіне сәйкес ...

Жалғасы »

Қалалық мәслихат хатшысы, тұрақты комиссия төрағалары сайланды

Сессия Қалалық мәслихаттың жетінші шақырылымының бірінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, қалалық мәслихаттың хатшысы Сұлупан Шынтасова, сондай-ақ қала әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қоғамдық кеңес, қалалық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты. Сессияның күн тәртібінде қалалық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы туралы Ақтөбе аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жездігүл Мұханованың хабарламасы тыңдалды. Сессия төрағасы және қалалық мәслихаттың хатшысы сайланып, мәслихаттың ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Дариға ИСМАҒАМБЕТОВАНЫҢ «2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есебінің ТЕЗИСТЕРІ

2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді өзгертті, басымдықтарды қайта бағалап, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің тағдырымыздың басты құндылығы — адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір дәлелдеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік аппаратты жаңғырту, мемлекетті нығайту, денсаулық ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Әміржан ОРАЗҒАЛИЕВТІҢ «2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында пандемияға қарсы күрес, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу, мемлекетті нығайту және денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне тоқталды. Жолдауда дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды. Ақтөбе қаласының Алматы ауданы құрамына 28 елді мекен кіреді. Тұрғындарының саны ...

Жалғасы »

Жол — экономиканың күретамыры

Бағлан БАЙМАҒАМБЕТОВ, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің алда одан әрі дамуы мен өркендеуіне қатысты көптеген тың жаңалықтар айтты. Әрине, елдің дамуы үшін күнбе-күн өзгерістер болуы керек.  Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің ұзақ мерзімді дамуы Сабақтастық, Әділдік және Өрлеу қағидаттарына негізделген. Президентіміз көздеген мақсатқа жету үшін барлық салаларда дәйекті өзгерістер жасалатынын айтып, ...

Жалғасы »

Бір қалыпта шектеліп қалмауымыз керек

Үмбетқан СӘРСЕМБИН, философия ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі Мемлекеттің дамуы алдымен оның саяси жүйесіне, уақыт талабына сай жүзеге асырылып отыратын реформаларға байланысты. Әлемдегі өзекті мәселелер мен жаңа өзгерістер жаңаша ойлауды, жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет етуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде осы мәселелерді шешу міндетін мемлекет алдына қойды. Көне заманнан ...

Жалғасы »

Саяси реформалар дамуға жаңа серпін береді

Балжан Дәулетиярова,  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сессияда ұсынған елдің саяси жүйесін одан әрі демократияландыру жөніндегі реформалары билік құрылымдарының қызметіне халықтың қатысуын және қоғамның әрбір мүшесінің ел болашағы үшін нақты шешім қабылдауға атсалысуын, сол арқылы саяси институттарды жетілдіруін көздейді. Бұл реформаларды жүзеге асыру адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуда, азаматтық қатысуды кеңейтуде, ...

Жалғасы »

Көзқарасты ашық білдірудің өзі — қоғамның даму көрінісі

Рахым БЕКНАЗАРОВ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Тәуелсіздіктің 30 жылдығында елімізде кешенді реформалар жасалатынын айтты. Реформалардың басты бағыты — саяси жаңғыру. Әрине, қарапайым халық саяси реформалардың нәтижесін тез көргісі келеді. Қандай да болмасын реформа тез бола қоймайды, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Біздің елде ...

Жалғасы »