Басты бет » Author Archives: admin (page 2890)

Author Archives: admin

Астанадан ақпараттық-насихаттық топ келді

Жолдау Жұртшылықтың жүрегіне жылылық ұялатқан Елбасының Жолдауын талқылап, оның мәні мен маңызын түсіндіру үшін Астанадан ақпараттық-насихаттық топ келді. Топтың құрамында Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, Президент Әкімшілігі аппаратының мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары Оңдасын Оразалин, Экономика және минералдық ресурстар вице-министрі Әсет Мағауин, Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі комитет төрағасы Серік Нокин, ...

Жалғасы »

Коммуналдық шаруаның серпілісі

Кеше Астанадан келген құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Серік Нокин Ақтөбе қаласындағы бірқатар кәсіпорындардың ұжымымен кездесті. Еліміздің Индутрия және сауда министрлігіне қарасты комитет басшысы алдымен «Трансэнерго» АҚ ғимаратында өткен кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауындағы басым бағыттар мен тың жаңалықтар жайында әңгімелеп берді. Ақтөбе қаласының бұрынғы әкіміне бұл ұжым да бейтаныс емес. Бір кездері облыс орталығының ...

Жалғасы »

Мақсат – мұнайдың төгілмеуін қамтамасыз ету

Апта басында облыс әкімдігінде ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петровтың төрағалық етуімен мұнайдың төгілуін реттеу жөніндегі ұлттық комиссияның көшпелі отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ж.Оралмағамбетов,  Төтенше жағдайлар, Энергетика және минералдық ресурстар, Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау министрліктерінің, сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, басқа да ірі кәсіпорындар қызметкерлері қатысты. Көшпелі отырыста ірі мұнай өндіруші кәсіпорындарында, соның ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ нысандарындағы экологиялық өндірістік ...

Жалғасы »

Сенбілікке шақырамыз!

Бүгін ақтөбеліктер қаланы санитарлық-тазалау жұмыстарына байланысты сенбілікке шығады. Бұл туралы кеше қала әкімі Архимед Мұхамбетов хабарлады. Архимед Бегежанұлының шешімімен бұған дейін қалада екі айлық санитарлық-тазалық маусымы жарияланған болатын. Дегенмен ауа райының қолайсыздығына байланысты сәуір айында бірқатар жұмыстар тоқтап қалды. – Сәуір, мамыр айларында біз қаланы түгелдей күл-қоқыстардан, қысқы қалдықтардан тазартып болуымыз керек. Қазір қалалық әкімдікке қарасты барлық мекемелер өз аулаларына ...

Жалғасы »

9 Жоба пысықталды

Кеше қалалық әкімдікте қала әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалық етуімен инвестициялық жобаларды қарауға сәйкес комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Бұл басқосу – қала аумағында жүзеге асырылып жатқан жобаларды қараған комиссияның бесінші отырысы. Комиссияның басты мақсаттарының бірі – инвестициялық жобалар мен инновациялық ұсыныстарды қараумен қатар қаланың индустриялық-инновациялық дамуы үшін басым мәні бар жобаларды іске асыруға көмектесу. Кешегі өткен отырыста қала аумағында салынып ...

Жалғасы »

1500 тал отырғызылды

Қалада көгалдандыру, әрбір көше мен ауланы жасыл желекке бөлеу жұмысы қарқын алды. Мұндай игілікті істен қаланың бизнесмендері мен кәсіпкерлері де тыс қалмауда. Биылғы жылы «Дастан» ЖШС ұжымы өздерінің қаражаттарына 1500 түп әр түрлі ағаш пен көшет әкеліп, «Дастан» бизнес орталығының аумағына отырғызды. – Талдар Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының питомниктерінде өсірілген, – деді серіктестік директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Асхат ...

Жалғасы »

Саябақтар мен скверлер жайнайды!

Көгалдандыру Қаламыздың саябақтары мен скверлері таяу уақытта жаңа түрге ие болады. Және бұл қалалық әкімдік пен қала кәсіпорындарының жаңа бірлескен бағдарламасын іске асыруға байлансты болмақ. Біз түрлі жылдары облыс орталығын көгалдандырып, саябақтар мен гүл алаңдарын өсірген, ағаш егіп, оларға күтім жасаған қала тұрғындарына зор алғыс айтамыз. Олардың еңбегінің нәтижесінде бүгінде Ақтөбе жерінде 3 саябақ пен 21 сквер бар. Енді біздің ...

Жалғасы »

«Көктем – 2009» – мұнайшылар жаттығуы

Сәуір айының 20-сынан 24-іне дейінгі аралықта Темір ауданында жоспарлы кешендік аудандық жаттығулар өтті. 23 сәуірде «Кеңқияқ мұнай» мұнай-газ өндіру басқармасында Кеңқияқ тұз асты кен орнында «Көктем – 2009» жаттығуы өтті. Бұл шараны акционерлік қоғамның еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ұйымдастырды. Оған «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Кеңқияқмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы, «Ақтөбемұнайсервис» басқармасы, «Ақ берен» әскерилендірілген фонтанға қарсы отрядының ...

Жалғасы »

Жылу маусымы аяқталды

құбырларды жөндеу жұмыстары басталды Кеше қалалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Абай Байжомартовтың төрағалық етуімен «Өткен жылыту маусымының  қорытындылары және 2009-2010 жылдардағы жылыту маусымына қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының әзірлігі жөніндегі іс-шаралар туралы» мәселесі бойынша мәжіліс болып өтті. Мәжіліске қалалық штаб мүшелері, қаланың коммуналдық кәсіпорындарының басшылары, селолық округтердің әкімдері мен пәтер иелері кооперативтері, кондоминиумдар жетекшілері қатысты. «Ақтөбе жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамы бас ...

Жалғасы »

Жеңіс құрметіне – жеңілдік

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 64 жылдығын мерекелеуге байланысты «Эйр Астана» авиакомпаниясының шешімімен 2009 жылғы 23 сәуірден бастап Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер 2009 жылдың 1-31 мамыры аралығында орындалатын Қазақстан Республикасы мен ТМД әуе желісі бойынша «Эйр Астана» АҚ-ның тұрақты орындалатын рейстеріне авиабилеттер сатып алу кезінде бұрын жарияланған экономикалық класс тарифтеріне ...

Жалғасы »