Басты бет » Author Archives: admin (page 2581)

Author Archives: admin

«ҚҰРТ АУРУЫ» ҚҰРЫҚТАЛА БАСТАДЫ

Қарабұтақ. Тұрғындар: «Құритын болдық» Мамандар: «Алаңдауға негіз жоқ» Соңғы жылдары бірнеше аудан орталығында туберкулезге қарсы ауруханалар ашылды. Бұл шалғай ауылдардағы науқастардың үйіне жақын өз ауданында емделуіне мүмкіндік беруде. Сонымен қатар облыс орталығындағы аурухананың жұмыс істеу тығыздығын жеңілдетті. Бірақ Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының тұрғыны Асылбек Жадырасыновтан  редакцияға хат келді. Қысқаша мазмұны мынадай: «Қарабұтақ селосында туберкулезге қарсы емдеу-сауықтыру орталық ауруханасының ашылуына ...

Жалғасы »

ЗЕЙНЕТАҚЫҢЫЗ КӨБЕЙДІ МЕ?

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зейнетақының орташа мөлшері 25 пайызға көбейген болатын. Биылғы жылдың алғашқы зейнетақысы қолдарына тиген зейнеткерлер мен мемлекеттен арнаулы жәрдемақы алатын адамдардың арасында қайта есептеуден кейінгі қаражаттың мөлшеріне түсінбестік білдіріп жатқандары да бар. Осындай мақсатта редакциямызға хаттар да көптеп келуде. Сол хаттардың бірқатарына «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ақтөбе облыстық филиалының директоры Қайрат ...

Жалғасы »

ВАЛЕНТИН ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ АТАСЫ?..

Қала дүкендері мен базарларда «Қасиетті Валентин күні» үшін сатылып жатқан түрлі түсті жүрекшелер мен ленталар, қос ғашықтың бейнесіндегі бұйымдар көздің жауын алады. Ақпан айы басталар шақта сауда орындарының мұндай заттарға толатынына көзіміз де үйренді. Алайда бұл күннің қазаққа қаншалықты қатысы бар? ҰЯТТЫ «ВАЛЕНТИНКА» ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БИЗНЕС Елімізде 14 ақпан — «Әулие Валентин күнін» тойлау дәстүрі кең етек алып барады. Бұл ...

Жалғасы »

Балдырған

Туған жер МЕНІҢ АҚТӨБЕМ Әр адамға өзінің туған жері, кіндік қаны тамған жері ыстық. Туған жер дегенде жүрегіме жылы сезім ұялайды. Оның салқын самалы, сылдырап аққан өзені, сыбдырласқан ағаш жапырақтары, бәрі де жаныма айрықша жақын. Таза ауасы, мөлдір суы, шүйгін шөбі, ұшқан құсы, көгілдір аспаны, жүгірген аңы сияқты мен де өзімді туған өлкемнің төл баласы сезінемін. Мен Ақтөбеде тұрамын. Ақтөбе ...

Жалғасы »

ТАБАНТАЛДАН ШЫҚҚАН ТАЛАНТ

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын Ізтай Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған «Жыр әлемінің Ізтайы» атты әдеби-сазды кездесу өтті. Көрме ұйымдастырылды. Алдымен Ізтай Мәмбетовтің өмірбаяны мен ақынның жүріп өткен жолы қатысушы студенттерге таныстырылды: «Ізтай Мәмбетов (1929-1974ж.ж.) — қазақтың лирик, эпик ақыны, журналист, аудармашы. №6 Ақтөбе қазақ орта мектебінде оқып, үздік бітіріп, кейін Қазақтың С.Киров атындағы мемлекеттік университетінде оқыды. Ақтөбеге келіп, тоғыз айдай облыстық ...

Жалғасы »

БРЕМЕНДЕГІ БІЗДІҢ ӘСЕМ

Шетелде оқып жатқан немесе жұмыс жасайтын замандастарымыздың қазақ тілінде еркін сайрап тұратындары әлі сирек. Германияның Бремен қаласындағы (әйгілі «Бремен музыканттары» ертегісі есіңізге түскен шығар) француздық «Schlumberger» мұнай компаниясында инженер боп жүрген Әсем Шәмішева — сол сиректердің бірі. Бірақ бұған таң қалудың да жөні жоқ екен. Әсем – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мектеп оқушылары арасындағы республикалық олимпиаданың 2002 жылғы жеңімпазы. ...

Жалғасы »

ҚҰДІРЕТ

— Сақау! Әкесінің даусын естіген Тасболат оқып отырған кітабын тастап, далаға шықты. Бұл ауылда Тасболат ес білгелі өзін «Сақау» деп атайтын жалғыз әкесі ғана. Оған құлағы үйренген, арланбайды. Бірақ ең алғаш рет жылағаны әлі есінде. Онда бірінші сыныпта оқитын. Бірде үзіліс кезінде «Сақау» деп балалардың бәрі бірдей хормен айтқандай шулағаны бар. Құлағына сонда түрпідей тиіп, шыдай алмай, ызаға булыққан ол ...

Жалғасы »

АҚТӨБЕЛІКТЕР МӘСКЕУДЕН ОРАЛДЫ

Биыл батыр қызымыз Әлия Молдағұлованың қайтыс болғанына — 65 жыл. Осыған орай 14 қаңтар күні батырдың туған жерінде ас берілді. Бұл күнді Мәскеу қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы №891 мектеп те, батыр қызымыздың жаудан азат еткен Новосокольники қаласы да атаусыз қалдырмады. Жуырда бір топ ақтөбелік арнайы шақыртумен осы қалаларға барып қайтты. — Қобдада Әлияның қайтыс болғанына 65 жыл толуына орай ас ...

Жалғасы »

Елеусін Сағындықов: Ісіміз қомақты, міндет ірі

Өткен жұма күні облыс әкімдігі ғимаратының үлкен мәжіліс залында облыстық деңгейдегі барлық мәслихаттардың форуымында облыс әкімі Елеусін Сағындықов облыстың 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған міндеттері туралы есеп берді. Аталған бұл форумға облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, халықтың барлық жіктері, аймақ жұртшылығының, саяси партиялар мен қозғалыстардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, форум жұмысына ...

Жалғасы »

Девальвация — салмақты қадам

Өткен аптада облыс әкімі Елеусін Сағындықов Ақтөбе қаласындағы ірі-ірі сауда орындары, базар және тасымалдаушы компания жетекшілерімен кездесті. Тақырып біреу – теңгенің девальвациясынан кейін халық үшін бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына жол бермеу. Ұлттық валютамыздың құнсыздандырылуы өткен аптада қазақстандықтар үшін басты тақырып болды десек, артық айтқандық емес. Бұл орайда облыс әкімі алдымен екінші деңгейлі банктердің, құқық қорғау органдарының басын ...

Жалғасы »