Басты бет » Author Archives: admin (page 2518)

Author Archives: admin

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық халық санағының басталуына орай үндеуі

Құрметті отандастар! Ертең елімізде ұлттық халық санағы басталады. Бұл акция Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері екінші рет өткізіліп отыр. Өткен санақтан бері он жыл өтті. Өмір өзгерді. Жағдай өзгерді. Халық өзгерді. Бұл сондықтан еліміз үшін аса жауапты әрі маңызды іс-шара болып табылады. Бүгінгідей жаңа технология дами түсіп, ғылыми әлеует алдыңғы қатарға шыққан уақытта, әрбір мемлекет ең әуелі адам ресурсымен ерекшеленеді. Адам ...

Жалғасы »

Хабар-ошар

Қобдалықтар қуанған күн Айнала қаржы дағдарысынан шығу жолдарын іздестіріп жатқанда ауылда қарабайыр тірлік кешкен ағайындар ұмыт қалмас үшін демеу көрсету мақсатында облыс әкімі Елеусін Сағындықов түрлі түсті теледидар, кір жуатын машина, шаңсорғыш сияқты тұрмыс  құралдарын сыйлады. Облыс әкімінің сыйлықтарын ауыл-ауылға жеткізу үшін аттанған  ат-көлік алдымен ауданның ең шалғай нүктесі Көкүйге барды. Екі көзі бірдей көрмейтін зағип жан Қуанай Ахметов кір ...

Жалғасы »

Ұлттық халық санағы

Үндеу Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары! Кеше 25 ақпанда, Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағы басталды. Халық санағы-2009 елде қанша адам тұрады, оның ішінде әйелдер мен ерлердің, балалар мен егде адамдардың үлесі қандай, еліміздің аумағында қандай ұлт өкілдері тұрады және олардың саны қанша, қазақстандық отбасының табыс деңгейі қандай, қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайы қандай деген сұрақтарға жауап береді. Әр азамат 45 сұраққа жауап ...

Жалғасы »

Сахнада – «Король Лир»

Досы мен қасын айыра алмай, екіжүзділікке сеніп, естіліктен жұрдай қыздарына ел тізгінін ұстатқан, ал еркелікті аярлыққа балап, шын тірек болатын адамын шетке қаққан король өмірінің қасіретін баяндайтын «Король Лир» трагедиясы Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрында сахналанды. Спектакль премьерасы кеше, 25 ақпанда өтті. Ал бір күн бұрын спектакль облыстық мәдениет басқармасы жанындағы бірлескен көркемдік кеңес мүшелерінің талқысына ұсынылды. Жалпы, бұдан ...

Жалғасы »

Сержанның қос жаңалығы

Жақында каратэ-додан ІІІ данды қорғаған Сержан енді фильмге түседі Ақтөбеде әлем чемпионы Әшім Қалидың жүлдесі үшін каратэ-додан VІІІ халықаралық турнир өтті. Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Башқұртстаннан жиналған 326 адам қатысқан бұл турнирде ақтөбеліктер – Жомарт Шатаев пен Ринат Сағындықов өз салмақтары бойынша жеңімпаз атанды. Бұл турнирде Сержан Аманқұловқа ҚР Ұлттық Каратэ-до федерациясы каратэ-до бойынша шеберлігі үшін ІІІ дәрежелі дан атағын ...

Жалғасы »

Ақтөбеде дәрі арзан!

Ақтөбеде дәрінің бағасы қандай? Шетелден әкелініп жатқан дәрілерге қанша пайыз қосылады? Біз осы жөнінде нақтырақ білмек ниетпен облыстық фармацевтикалық бақылау департаментінің директоры Ринат Құбатаевпен тілдескен едік. – Ақтөбеде дәрі-дәрмек қисынсыз қымбаттамайды. Дәріханаларда бұрыннан бар дәрілердің бағасы сол күйінде қалады. Ал шетелден енді әкелінген немесе әкелінетін дәрілерге 10-12 пайыз қосылады. Теңге құнсызданған күні-ақ біз бағаны тұрақтандыру жұмысына кірісіп кеттік. Облыс әкімдігінде ...

Жалғасы »

Нұқсан Қартбайұлы: Өз ісіңе жауапкершілік – адамгершіліктің белгісі

Жарыққа шыққанына биыл 85 жыл толатын газетіміздің бетінде – кезінде оқырмандарға адамгершілікке, әділдікке үндеген мақалаларымен, фельетондарымен танылған журналистердің бірі Нұқсан Қартбаев. Ол облыстық газетте қызмет еткен тұста күрделі, қиын жағдайға тап болған ақтөбеліктер «Путь к коммунизму» газетінен Николай Ханды іздесе, «Коммунизм жолынан» Қартбаевты сұрайтын. Бүгінде зейнеттік демалыстағы ардагерімізді әңгімеге тартқан едік. «Әділетсіздіктерді көріп, ширығып өстік» – Дәстүрлі сұрақтан бастағым келеді ...

Жалғасы »

Зейнетақы: кім қанша алады?..

Оқырмандардың зейнетақы мен жәрдемақыға қатысты сауалдарына «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ақтөбе облыстық филиалының директоры Қайрат Отаровтың редакцияда тікелей телефон арқылы жауап беретінін газетіміздің өткен сандарында хабарлаған едік. Алайда тікелей телефон белгіленген күні облысымызға еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың екі күндік іссапары басталып, Қайрат Орынбасарұлы қызмет бабымен босай алмады. Тікелей телефон арқылы оқырмандар ...

Жалғасы »

Мемлекет қаржысы – бақылауда

Қаржы бақылау инспекциясы мемлекет қазынасына ақша қаражаттарының  көптеп түсуін, сондай-ақ олардың мақсатты және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Облыстың қаржы бақылаушыларының қызметі туралы облыстық инспекция бастығы Нұртай КНЯЗОВТІ әңгімеге шақырдық. – Әуелі 2008 жылғы жұмыс нәтижелері туралы қысқаша айтып берсеңіз. – Осы уақыт ішінде біздің инспекция тарапынан 735 бақылау объектісі тексерілді, бұлар – республикадан қаржыландырылатын 67 және жергілікті бюджеттен ...

Жалғасы »

Ауылдың шаруасы кімнің қолында?

Қазір әлем экономикалық дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатыр. Өндірістің жылдар бойы артық өнім өндіруі олардың жұмысын уақытша тоқтата тұруға немесе тежеуге мәжбүрлеуде. Ал бұл жағдай өз кезегінде жалпы халықтың тұтынушылық сұранысын кемітіп отыр. Яғни қай елде де адамдар өндірістік тауарларды, тіпті, киім-кешектерді де бұрынғыдай алмауы мүмкін. Белгілі бір уақытқа әр адам бұған шыдауға болады. Алайда тамақ ішпеу, дүкеннен азық-түлік алмау ...

Жалғасы »