Басты бет » Author Archives: admin (page 22)

Author Archives: admin

Қоймаларға 3600 тонна өнім жеткізілді

Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелері Пригородный көкөніс сақтау қоймасында болып, өнімнің сапасын тексерді. Мамандардың айтуынша, ақтөбелік шаруалар көкөніс сақтау қоймаларына 3600 тоннадан астам  өнім жеткізген. Бүгінде тұрақтандыру қорында 2339 тонна картоп, 535 тонна пияз, 419 тонна сәбіз және 319 тонна қырыққабат бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Комиссия мүшелері  қоймаға жеткізілген қысқы азықтың сапасын тексерді. Картоп, ...

Жалғасы »

Облыс басшысы «Ақтөбе» футбол командасымен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Орталық стадионда болып, «Ақтөбе» футбол командасының ойыншыларымен кездесті. 2020 жылы өткен футболдан ҚР Бірінші лигасында чемпион атанған команда ойыншыларын жеңістерімен құттықтады. «Өздеріңізге белгілі, өткен жыл команда үшін ауыр болды. Дегенмен футбол сүйер қауымның ыстық ықыласы мен жанкүйерлердің қолдауының ерекше екенін ескере отырып, атқарушы орган ретінде команданы сақтап қалуға бар күшімізді салдық. Қолымыздан келгенше қаржыландыру, ұйымдастыру мәселелерін ...

Жалғасы »

Көрші облыс тұрғындары Ақтөбеде емделуде

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының мәліметінше, жыл басынан бері көрші облыстардың 5 635 тұрғыны Ақтөбеде емделген. Оның ішінде 4 962 адамға шұғыл көмек көрсетілген. Арнайы жоспар бойынша  Ақтөбеге емделуге келгендердің саны — 673  адам. — Биыл тегін медициналық көмек аясында 63 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Соның ішінде 27 жеке емдеу мекемесі бар. Бір айта кетерлігі, көрші облыстардың ...

Жалғасы »

Жылыту маусымы бақылауда болады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында өңірдегі жылыту маусымының өтуіне байланысты мәселелер талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов тұрғындар қатты отын пайдаланатын елді мекендерді үнемі қадағалап және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет деп есептейді. Оның айтуынша, облыстың аудандарында модульді қазандықтар салу және талапқа сай емес ...

Жалғасы »

3 жастағы бала коронавирус жұқтырды

Соңғы екі күнде облыста коронавирус жұқтырған 10 адам тіркелді. 3 қазан күні тіркелген бес адамның бірі — үш жастағы бала. Науқастардың барлығы да Ақтөбе қаласының тұрғындары. Аурушаңдықтың өсу  деңгейі — 0,1%. Үш жастағы балада ауру белгісі байқалмаған. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Үй карантиніне алынған. Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3335 адам  тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1631) және 51%-ы симптомсыз (1704) ...

Жалғасы »

Ақылшым деп танимын

Жеңіс ҚОНЖАРҰЛЫ, ҚР білім беру ісінің үздігі. Оқырман ойы Қай кезеңде де тәлім-тәрбие ісі күнделікті өмірімізбен сабақтас. Жақсыға ұмтылу, жаманнан жеріну — ұлтымыздың қашаннан қалыптасқан ұстанымы. Осы игі дәстүрді ұмыт қалдырмай, ілгері дамытып отыру — бәріміздің парызымыз. Менің ұзақ жылғы ұстаздық қызметім осы ауқымдағы көптеген мәселелерді ойға алдырады, көңілімді қозғайды. Қарап отырсам, мектепте қырық жылдай еңбек етіппін. Соның он жылында ...

Жалғасы »

ҮЕҰ: жұмыс көп, насихат аз

Кеше облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет төрағалық еткен жиында мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасы сөз болды.   Жоғарыда аталған кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысқан басқосуда алдымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауындағы басым бағыттар тілге тиек етілді. Соның ...

Жалғасы »

Аутизм орталығында ашық есік күні өтті

Кеше Болат Өтемұратов қоры іске асыратын «Аутизм. Баршамызға бір әлем» атты бағдарламасының аясында «Асыл Мирас» аутизм орталығында ашық есік күні өтті. Бұл күні аталған қор директоры Марат Аймағамбетов пен кәсіби мамандар дәріс оқып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (СDC) мәліметтері бойынша, соңғы жылдары әлемде аутизм спектрінің бұзылулары (АСБ) бар диагноз қойылған балалар саны артты. ...

Жалғасы »

Марапат енді тапсырылды

Үздік ауыл әкімі  «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының жүлдегері Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Аққайыр марапатталды. Биыл алғаш рет өткізілген байқауға қатысқан Талдысай ауылдық округінің әкімі Қазбек Төлеуханұлы облыстық іріктеу кезеңінде топ жарып, республикалық кезеңде Ақтөбе облысының намысын қорғап, екінші орыннан көрінген болатын. Жүлделі орынға ие болған Талдысай ауылдық округінің әкімін ауданға келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы ...

Жалғасы »

«Жаңғырған сана — жаңа серпін»

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының 3 жылдығына орай жазылған «Жаңғырған сана — жаңа серпін» атты жинақ-кітаптың авторлары кездесу өткізді. Жинақта зиялы қауым өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің ой-толғамдары мен облыс аудандарының, облыстық салалық басқармалар және жоғары оқу орындарының қоғамдық сананы жаңғырту жолында атқарылған жұмыстары туралы материалдар жинақталған. Шарада аталған кітаптың авторлары ҚР Мәдениет қайраткері ...

Жалғасы »