Басты бет » Author Archives: admin (page 21)

Author Archives: admin

Үздіктер Елордаға жолдама алды

«Жасыл ел» Бейсенбі күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік ел» конференц-залында студенттік құрылыс отрядтары және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVI жұмыс маусымының жабылу рәсімі өтті.   Үздік деп танылған 32 жасқа Нұр-Сұлтан қаласына 3 күндік саяхатқа тегін жолдама берілді. Биылғы еңбек маусымында 3 мыңға жуық жоғары және арнаулы орта білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері, жоғары сынып оқушылары мен жұмыссыз жастар ...

Жалғасы »

Тағы 6 адам тіркелді

5 қараша күні облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған алты адам тіркелді.  Науқастардың үшеуінде ауру белгісі білінбеген.  Екі адам Ақтөбе қаласынан болса, үшеуі Қарғалы ауданынан, бір науқас Хромтау қаласынан тіркелген. Аурушаңдықтың өсу  деңгейі —  0,2%. Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3347 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1638) және 51%-ы симптомсыз (1709) жағдай. 3249 (97%) науқас жазылып шықты.   Ақтөбе қаласында 2401 ...

Жалғасы »

Қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру қандай деңгейде?

Ақтөбе облысы коммуникациялық қызметінің тікелей эфирінде қаладағы қоғамдық көлік жұмысын ұйымдастыру мәселесі туралы айтылды. Бұл шараға Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Руслан Төреғали мен Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Есбол Базарғалиев қатысты.  Ақтөбе қаласында қоғамдық көлік саласында жолаушылар тасымалы жұмысымен екі мекеме айналысады, олар «Автопарк» ...

Жалғасы »

Диссертациялық кеңес ашылды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде филология мамандығы бойынша PhD (философия докторы) дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңес ашылды.  — Бұл — еліміздің батыс аймағындағы ғылыми кадр даярлайтын үлкен орталыққа айналуға зор мүмкіндік. Қазір біздің университеттегі филология білім бағдарламасының үш деңгейі де (бакалавриат, магистратура, докторантура) толық жұмыс істейді. Докторлық диссертациялық кеңесте тек Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқыған докторанттардың диссертациялары ғана емес, сондай-ақ республикамыздағы ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызметке келгіңіз келсе… 

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметке кіру үдерісі конкурс арқылы жүргізіледі. Осы орайда бос жұмыс орындары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (www.gov.kz) және конкурс жариялаған мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жарияланады. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданатын азаматтар іріктеудің келесі кезеңдерінен өтеді: — мемлекеттік тілді білу және Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша тестілеу; — жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу; — әкімшілік мемлекеттік лауазымға ...

Жалғасы »

«Досжан Хазірет» деректі фильмі түсірілді

ХІХ ғасырда қазақ арасына ілім-білім тарату, имандылыққа үндеу ісіне зор үлес қосқан қоғам қайраткері Досжан ишан Қашақұлы туралы деректі фильм түсіріліп, көпшілікке ұсынылды. Хазіреті Досжан ишан өзінің75 жылдық ғұмырының қырық жылын ұстаздыққа арнаған. Ол алдымен Доңызтау өңіріндегі Қайнар деген жерде, кейіннен қазіргі Шұбарқұдыққа жақын Шилі өзені бойында діни-тұрғын кешен салдырған, мешіт, медресе ашып, шәкірт тәрбиелеген. ХІХ ғасырдағы қазақтың ишан-ахундары исламға ...

Жалғасы »

Нариман Президентке алғыс білдірді

Қобдалық учаскелік полиция инспекторы Нариман Ульянов Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа мыңдаған учаскелік полиция қызметкері атынан алғыс айтты. Сондай-ақ ол қауіпсіз қоғам құру жолында мемлекет алға қойып отырған міндеттерді орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді. Қазан айының соңында Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында баяндама жасаған полиция капитаны Нариман ...

Жалғасы »

Маршал М.Тухачевскийдің шешесі Ақтөбе облысының Шалқар ауданында жерленген

Кеңес Одағының Маршалы Михаил Николаевич Тухачевскийдің анасы Марфа Петровнаның бейіті Шалқар ауданы Талдықұм ауылының іргесінде жатыр. Мұртты көсем И.В.Сталиннің қырына ілініп, 1937 жылы халық жауы ретінде атылған маршалдың отбасы да қуғынға түскені мәлім. Марфа Петровна әуелі Астрахандағы әйелдер түрмесіне жіберіліп, кейін Қазақстанға жер аударылған. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Талдықұм ауылына келгенде оның қолында кісен болыпты деседі. Ауыл адамдары әуелде үрпиісе ...

Жалғасы »

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының күнделікті бес уақыт намаз бен жұма намазына қатысты мәлімдемесі

Құрметті мұсылман қауым! Жуырда мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының (ВАК) селекторлық отырысының шешімі бойынша 2 қарашадан бастап еліміздің барлық мешіттерінде (жұма намазын қоспағанда) бес уақыт намаз өткізуге рұқсат берілген болатын. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерде жұма намазын оқуға қатысты ел тұрғындарына келесідей мәлімдеме жасайды: Біріншіден, қазіргі уақытта еліміздің мешіттерінде күнделікті бес уақыт намаз жамағатпен оқылады, алайда жұма намазы уақытша оқылмайды. ...

Жалғасы »

Сәңкібай батыр даңғылы ашылды

Сейсенбі күні облыс орталығындағы ең ірі жолдардың бірі Сәңкібай батыр даңғылындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ұзындығы 3,3 шақырым болатын жолдың ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Қала әкімі Асхат Шахаров мәлімдегендей, бүгінгі таңда Сәңкібай батыр даңғылындағы жолдың 95 пайызы аяқталып тұр. Тек жарықтандыру мен тротуар салу және жол белгілерін қою жұмыстары ғана қалған. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме бір-екі күндікте, ...

Жалғасы »