Шығып қалғандардың орнына депутаттарды сайлау
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына
кандидаттарды тіркеу туралы
Х А Б А Р Л А М А
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес, округтік сайлау комиссиясымен №31 Шалқар селолық сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаттығына тіркелген кандидаттар:
Қалуов Хамид Зинуллаұлы, 1958 жылы дүниеге келген, қазақ, «Кішіқұм» шаруа қожалығының директоры, Шалқар ауданы Шілікті ауылының тұрғыны;
Зейнепова Гүлжанат Сламғалиқызы, 1979 жылы дүниеге келген, қазақ, С.Батақұлы атындағы Шалқар аудандық Мәдениет үйінің директоры, Шалқар ауданы Шалқар қаласының тұрғыны;
Шәкірбекұлы Бердібек, 1977 жылы дүниеге келген, қазақ, «КазСтройИнновация KZ» ЖШС директоры, Шалқар ауданы Шалқар қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттарға тиісті куәліктер берілді.
Облыстық сайлау комиссиясы.